СЫПАТАЙДЫҢ ТОЙЫНДА ТАЛАСТЫҚТАР ОЗДЫ

1781-1868 жылдары өмір сүрген Сыпатай Әлібекұлы батырлығымен, сөзге шешендігімен, дауға әділдігімен халық арасында зор беделге ие болған тарихи тұлға. Қарапайым шаруа отбасында туып өскен ағайынды Сыпатай мен Андас та жігерлі, намысқой болып ержетіп, ел ісіне араласады.

Сыпатай батырдың кескін-келбетін Кенен Әзірбаев былайша суреттейді: «зор денелі, құлағы сүйемдей, омырау жүні бір түп қамыстай, құлағына тұрған қырауды қамшысымен қағып тастап жүре беретін. Сөзге де шешен, тапқыр болыпты».

ХІХ ғасыр басында қазақ даласына қоқандықтар тізе батыра бастаған тұста дүние есігін ашып, ержеткен батыр бала күнінен зорлық-зомбылықты көрген. Сондықтан ержеткен соң барлық саналы ғұмырын елдің азаттығы үшін күреске арнайды. Атқа қонып, қолына қару алып қоқандықтарға қарсы күреске шығады. Оның бұл әрекет қолдаушылар табылып соңына ереді. Халықтан шеттен тыс алым-салық жинап мезі еткен қоқандық жасауылдарын елден қуғындайды. Осы істі жоғары деңгейде ұйымдастыра білген Сыпатай аз ғана уақытта ерлік істерімен ел құрметіне бөленеді.

 

Міне, осы құрмет арадан 240 жыл өтсе де ескірмеді. Ұрпақтары ат шаптырып, ас беріп ұлықтауда.

Атап айтар болсақ, Меркі ауданында Сыпатай батырдың 240 жылдығына орай Аламан бәйге өтті.

Онда аудан әкімі Қанатбек Мәдібек басшылық ететін Талас ауданы Ойық ауылының тұлпары бәйгеден оза шауып I- орынды иеленді.

Атбегі Бастаубаев Тұрсанның баласы Ғалымның сәйгүлігі. Жүлде құтты болсын ағайын!