СІЗДІ КӨРКЕМ МІНЕЗДІ БОЛУҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН 10 НАҚЫЛ

(өміріңізге керек кеңестер)
Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсеңіз, оған шипа сұрап дұға қылыңыз. Оған жабысқан кеселден сізді сау қылған Аллаға мақтау айтыңыз.
*[ШҮКІРЛІК]*
Сырды сақтау шеберлігі жан дүниенің байлығын көрсетеді. Ішінде су тұрмайтын ыдыстың зияны секілді, сырды сақтай алмайтын адамның пайдасы кем. *[АМАНАТШЫЛДЫҚ]*
Егер əр адам қасындағы кісінің жүрегіндегіні көре алса, оған жаны қатты ашитын еді. Ішкі таразының əділдігіне көзі жетер еді. Сыртқы өлшемдердің алдамшы екенін терең түсінер еді. Іштарлық, қызғаныш, көрсеқызарлыққа ұрынбас еді.
*[ТЕРЕҢ ТҮСІНІК]*
Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сізді сөккен адамның көбі жауабыңызды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез танытыңыз. Өткізіп жіберіңіз. Құдық түпсіз екен деп ойласын. *[ҰСТАМДЫЛЫҚ]*
Бəрін дұрыс жасауға қанша тырыссаңыз да, сізді түсінбейтін адамдардың табылары хақ. Əркімге бір жауап қайтарып өзіңізді құр шаршатпаңыз. Дана ғұламаларымыздың бірі өзін сөккен кісіге былай деген екен: “Егер айтқаның рас болса, Алла мені кешірсін. Ал өтірікші болсаң, Алла сені кешірсін”.
*[БАЙСАЛДЫЛЫҚ]*
“Маған кейде бір адам бір мəселе жайлы айтады. Мен оны ол тумастан бұрын естіп қойсам да оған құлақ саламын. Тіпті, кейде бірінші рет естіп тұрғандай күй көрсетемін”
Өзіңіз онсыз да жақсы білетін нəрсе жайлы біреу əңгімелеп жатса, оның сөзін бөлмей, білетініңізді білдіріп жүрегін жараламай, көңіл бөліп, құлақ салуыңыз — мінез-құлықтың аса көркемдігіне жатады.
*[КӨРКЕМДІК]*
Адамдар сізге таңғалып жатса, оған масаттанып мақтанбаңыз. Себебі, олар сіздің Алла жарыққа шығарған жақсы жақтарыңызды ғана көріп жатыр. Керісінше, Алла жасырып қойған жаман жақтарыңыздан хабарсыз болғанына шүкір етіңіз.
*[АЛЛА — КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖАСЫРУШЫ]*
Егер сөз шынымен жүректен шыққан болса, онда ол міндетті түрде жүрекке жетеді. Ал ол тек тілден шыққан болса, құлақтан ары аспайды.
*[ШЫНАЙЫЛЫҚ]*
Адамдар сіздің сыртыңызға қарайды, Жаратушы ішіңіз бен жан дүниеңізге қарап бағалайды. Пенделер үшін сыртыңызды ғана əдемілеумен əуре боп, ішкі əлеміңізді ұмыт қалдырып алмаңыз.
*[ТАҚУАЛЫҚ]*
Адамдардың біразы өміріңізді сізден бір нəрсе үйрену үшін бақылайтын болса, басқа бір бөлігі қателіктеріңізді теру үшін аңдиды. Екі топ та сізге таң. Бірі — махаббатпен, екіншісі — іштарлықпен.
*[ЗЕРЕК БОЛЫҢЫЗ]*