ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Аудандық мәдениет үйінде Полиция күні — кәсіби мерекесі салтанатты жағдайда аталып өтті.
Мемлекетіміздің тыныштығы мен халқымыздың бейбіт өмірі, амандығы — бәрінен қымбат. Сондықтан ішкі істер органдарының қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде алар орны ерекше.
Тәртіп сақшыларының кәсіби қызметі зор жауапкершілікті, тәуекелдікті және қиындыққа төтеп беретін төзімділікті талап етеді.
Шара барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі зор үлесі мен жемісті еңбегі үшін полиция қызметкерлерін марапаттадым.
Марат Сұлтанғалиев, Сарысу ауданының әкімі