Екі түрлі тәрбие, екі түрлі тағдыр немесе «балта сабынан озбас»


Өмір бойы жалғыз балам деп деп өткен екі әйелді білемін.
Біріншісі:- Өмірім Тұрланға арналды. Сол жесін, Сол ішсін, сол ешкімнен кем болмасын деп, жарғақ құлағым жастыққа тимей ғұмыр сүрді.Тапқан таянғанын баласының аузына тосып, өзі жвңа көйлек, жаңа орамал алмады. Баласы үйленгенде ұлан асыр той жасап, шабылды. Сондағысы, елден кем болмасын, әкем барда мұндай болмас еді демесін дегені. Сол әке, өзі дүниеге келмес бұрын, бір сылқыммен кеткенін білмей өсті.
Бала үйленіп, жетіліп, тасы өрге домалағанда қатынын алып, қалаға «шуу» ете қалды.Елге бере жауабы-«үлкен етіп үй саламын, сосын анамды әкелемін»
Алты ай жалғыз қалған ана, әлде дерттен, әлде күйіктен кете барды. Ішінде не мұң қалғаны жұмбақ.
Екінші әйел, ішкіштігімен қыдырымпаздығынан әп әдемі жолдасынан айырылды. Заң жалғыз баланы, кәмелетке толмаған, анасының есі дұрыс деп әйелде қалдырды. Жұмыс жасаған ана жоқ, елдің бергенімен күн кешіп, мектепті бітірді. Жоғарғы оқуға шама қайда, ауыл маңындағы колледжге түсті. Жалғыз баланы адам санамасада, елдің мысынан қорыққан әйел, бала оқуға кеткелі, бетімен кетті. Айтқанды тыңдамайтын, ессіз қатыннан ағайында теріс айналды.
Анда санда демалысқа келген баласы, іздеп жүріп анасын тауып, шомылдырып, тамағын беріп, кір қоңын жуды. Колледжді бітірген соң, ауылға жұмысқа тұрып, жоғарғы оқуға сырттай тапсырды. Екі жыл жұмыс жасадыда, ескі үйді сүріп, шағын ғана жаңа үй тұрғызды. Ағайындас жеңгелерді салып жүріп, ауылдың қараторы қызына үйленді. Той болмады.
Әбден азып тозған анасын, үйден шығармады.
Күнара шомылдырып, аппақ етіп киіндіріп қойды. Татулық пен берекенің ошағына айналған отбасына жақын туыстарда орала бастады. Ауру қалсада әдет қалмайды, үйде ешкім жоқта, жылтыраған затты сатып жіберді. Оған бола ұрыс шығарған келін жоқ, жаңасын әкеліп қоя салды. Жолдасым жасымасын дегендегі айласы.
Шөбереден май жалап 80 ге қараған шағында, ел ортасында арулап аттандырды. Бір әулетті ұстап отырған әке,жарына топырақ салуға келіп, баласының қолтығынан демеді.
«Жалғызым деме жарылқайтыны беймәлім, жалғыз деме елді басқарар кәміл»деген сөз осыдан қалған ау. Бала әкенің қанынан деп текке айтылмаса керек.
Гүлмира Затайқызы.