«Шұбаркөл Көмір» АҚ жаңа зауытыжылына мың тонна белсендірілген көмірөндіретін болады
«Шұбаркөл Көмір» АҚ белсендірілген көмірөндіру зауыты толық қуатына шықты. Кәсіпорынжылына 1000 тоннаға дейін отандық абсорбент шығарады және импортты ішінара жабады. ТМД елдерінің аумағында әзірге ұқсас зауыттар жоқ.
Кокстың ұсақ заттарынан жасалғанактивтендірілген көмірдің алғашқы сынақ партиясы2020 жылы жаңа зауытта алынды. Екі жылданкейін өндіріс толық қуатына шықты.
Жобаның басты міндеті импортты алмастырумәселесін шешу болып табылады. Белсендірілгенкөмір гидрометаллургиялық, алтын өндіру жәнефосфат өнеркәсібінде, сондай-ақ суды тазартудақажет. Бүгінде барлық белсендірілген көмірҚазақстанға шетелден әкелінеді.
– Шұбаркөл белсендірілген көмірінің бастыартықшылығы — оның өзіндік құнының төмендігі. Оның бағасының арзан болуының басты себебішикізат ретінде арзан кокс ұнтақтары мен қазіржанып жатқан кокс газын энергия тасымалдаушысы ретінде пайдалануға байланысты. Бұл өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратудың өтемаңызды проблемасын шешуге көмектеседі, – дейдікоксохимиялық өндіріс жөніндегі қызметтіңбастығы Сабыржан Иманбаев. – Бұл ретте осы технология бойынша алынған активтендірілгенкөмірдің құны негізгі бәсекелестерге қарағанда1,5–3 есе төмен болады.
Белсендірілген көмірдің үлгілері барлыққажетті зертханалық сынақтардан өтті.
Зауыттың өндірістік қуаты одан әрі ұлғайтылуымүмкін.
Жомарт Шаймұрат