Шаруа қожалықтарымен жұмыс жүргізілуде
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қарау қажеттігіне назар аударды. Бұл өте құптарлық мәселе болды. Өйткені, бұл саланы дамытуға жылда қыруар қаржы бөлінгенімен оның тиімділігі көрінбей тұр. Бөлінген қаржының шаруаның қолына жетпей, орта жолда талан-таражға түсу жағдайы жиі кездесуде. Азық-түлік тапшылығын болдырмау және оның жөнсіз қымбаттауының алдын алу қажет. Бұл мақсатта Қордай ауданында картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз көкөніс тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 10 шаруашылық қожалықтармен (Гуонлен, Иунчи, Щенхо, Щенхо-2, Алдияр, Нуну, Монолит, Карбоз, Туған жер, Самғау ШҚ-ы) ауданның сауда орындары арасында форварттық келісім-шарттар барлығы пиязға – 375 тонна, картоп – 282 тонна, сәбіз – 83 тонна, қырыққабат -10 тоннаға жасалды. Шаруа қожалықтар көкөніс өнімдерін тамыз-қыркүйек айларына жеткізу қажет. Келісімшарттың соммасы 44 млн теңгені құрады.
Ауданда орналасқан құс етін өндіру бойынша «Қордай Корм» кооперативімен тікелей жеткізуге «Семейный», «Семейный-2», «Шұғыла» сауда үйлерінің басшыларымен келіссөздер жүргізіліп екі жақты келісім-шарт жасалды. Тауық еті аталған дүкендерге килограммы 1100-1150 теңгеге жеткізілуде. Сондай ақ жұмыртқа өңдірушісі «Қордай құс» ЖШС-мен жоғары аталған сауда объектілері келісім-шарттар жасалды. Жұмыртқа 10 данасы сауда орындарына 350 теңгеге жеткізуде. Сонымен қатар «Кордайский молочный продукт» ЖШС-і cары май мен ірімшікті тікелей жеткізуге «Семейный», «Семейный-2», «Айша» дүкендеріне жеткізуге келісім шарттар жасалды. Сары майды килограммы 2150-2200 теңгеге, ірімшікті килограммы 1400 теңгеге жеткізуде.Сиыр еті бойынша ЖК «Нариман» (Букибаев М.К) «Семейный», «Семейный-2», «Шұғыла» сауда үйлеріне тікелей сиыр етін 2100-2150 теңгеге жеткізуге келісім шарттар жасалды.
Негізгі азық-түлік тауарларына кірмейтін қияр мен қызанақты қолжетімді бағамен тұрғындарға сату мақсатында «Гринвилл» ЖШС-і «Семейный», «Семейный-2» сауда үйлеріне қиярды кг/200тг, қызанақ кг/350 теңгеге тікелей келісім шарт жасалып жеткізуде. Бұл бағытта басқа да дүкендермен де келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Ақ қант бағасын тұрақтандыру мақсатында «Тараз» ӘКК» тұрақтандыру қорынан «Шұғыла» сауда үйі (Чанбаев Сунгат Серикович)5 тонна қант жеткізіліп (290тг/кг) аудан тұрғындарына 299 тг/кг теңгеден сатылды. Қант бағасын әрі қарай тұрақтандыру мақсатында «Шұғыла» сауда үйі (Чанбаев Сунгат Серикович) 10 тонна қант, «Семейный-2» сауда үйі (Сугробова Г.В)10 тонна қант бөліп беруі жайлы кәсіпкерлік басқармасына сұраныс хат жолданды.
Сондай ақ нанның бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан орталығында орналасқан екі наубайхана иелерімен келіссөздер жүргізіліп Тараз қаласында орналасқан «Aksarai Export 2012» ЖШС-не (бірінші сұрыпты ұн 130тг/кг сатуда) «Комбеш нан» наубайханасы 30 тонна және «СТ-нан» наубайханасы 30 тонна бірінші сұрыпты ұн алуға ниет білдіріп, Ауыл шаруашылығы басқармасына сұраныс хат жіберілді. Бүгінгі күнгі жағдайы бойынша «Комбеш нан» наубайханасы 30 тонна, «СТ-Нан» наубайханасы 30 тонна ұнды алды. Барлығы 60 тонна ұн. Қосымша «Aksarai Export 2012» ЖШС-не «Комбеш нан», «СТ-нан» наубайханаларына 135 тонна ұнға сұраныс хат жіберілді.
Сонымен қатар ірі дүкендердің, супкермаркеттердің илерімен келіссөздер жүргізіп әлеуметтік нан 95 теңгеден сатылымда бар.