Медициналық пойыз жұмысын Алматы облысының Байсерке станциясынан бастады

Дәрігерлер 2 қарашаға дейін Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарындағы 67 шалғай станцияға барады. Жетісу, Абай және Ұлытау облыстарының халқы да дәрігерге қарала алады.
Болжам байынша 60 мың адамға медициналық көмек көрсетіледі. Медициналық пойызда 36 білікті маман бар. Биыл олардың қатарына психолог пен дерматовенеролог қосылды. Дәрігерлер бригадасы халыққа барлық қызметті тегін көрсетеді. Пойызда биохимиялық талдаулар жасап, рентгенография мен флюорография түсіріп, ішкі ағзаларды ультрадыбыстық зерттеуден өткізуге мүмкіндік жасалған.
Тараз Жиырма Төрт