МАЛ БАСЫ САНЫ 4,4% АРТТЫ
Күн санап облыстың ауыл шаруашылығы саласы алға басып, мал саны артып келеді. Мәселен, бүгінгі күні аймақтағы жалпы мал басы 4,8 млн. басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,4% артты. Оның ішінде мүйізді ірі қара саны – 556,2 мың басқа жетіп, 4,0%-ға, ұсақ мал саны – 4,0 млн. басты құрап, 5,1%-ға, жылқы саны – 178,1 мың басқа жетіп, 8,8%-ға артып отыр.
Биылғы жылғы мал төлдету науқанында 1 157,4 мың бас қозы отарға қосылса, 115,2 мың бас бұзау, 31,5 мың бас құлын алынды.
Жыл басында облыс шаруашылығының барлық санатында асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының саны — 116,0 мың басқа жетіп, жалпы үлес салмағы 23,3% құраса, асыл тұқымды қойдың саны – 850,5 мың басқа жетіп, үлес салмағы 28,3% құрады.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы