КӨКӨНІС ЖӘНЕ БАҚША ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ КӨЛЕМІ АРТТЫ
Соңғы жылдары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында суды аз қажет ететін картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егудің маңыздылығы артуда. Аймақтың климаттық жағдайы мен табиғи-ресурстық әлеуеті осы өнімдерді өсіруге қолайлы болғандықтан жамбылдық бағбандар қолда бар мүмкіндікті толығымен пайдалануда.
Мәселен, биылғы жылы 71,1 мың гектарға көкөніс және бақша дақылдары егіліп, 6,3 мың гектарға артты. Оның ішінде, 11,5 мың гектарға картоп, 25,0 мың гектарға пияз, 3,6 мың гектарға сәбіз, 1,5 мың гектарға капуста, 5,2 мың гектарға қызанақ, 3,0 мың гектарға қияр және 20,0 мыңнан астам гектарға басқа да көкөніс пен бақша дақылдары егілді.
Жалпы алдағы өнім жинау науқанында картоп, пияз, сәбіз, капуста дақылдарынан өткен жылға қарағанда 4,6% артық өнім алу көзделуде.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы