Маңызды мәселелер қаралды
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Талас аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Аудан әкімдігі жер қатынастары» бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, оның ішінде сапасы мен қолжетімділігі және жер пайдалану заңдылықтарын сақтау, конкурстарды өткізуде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде аталмыш бөлім басшысының міндетін атқарушы Н.Әбдіғаппар, екінші мәселе «Аудан әкімдігі тұрғын үй инспекциясы бөлімінің кондоминиум бойынша атқарған жұмыстары, оның ішінде көпқабатты үйлерге жасалған жөндеу жұмыстарының сапасы, жұмсалған қаржы және тұрғындардан жиналған қаржының бюджетке қайтарылуы» бойынша бөлім басшысының міндетін атқарушы Д.Нұрмахан баяндады.
Қаралған екі мәселелер бойынша комиссия төрағасы Ж.Таукебаев хабарлама жасады.
Одан әрі сұрақ-жауап түрінде аудандық қаржы бөлімінің бас маманы Л.Алиева, қоғамдық кеңес мүшелері Т.Дуамбеков,Ж.Құрманбеков, С.Шәдібеков, Н.Каштаева қаралған мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды.
Жиынға аудан әкімі Қанатбек Мәдібек қатысып, сөз сөйледі.
Қоғамдық кеңестің отырысына аудандық мәслихаттың хатшысы К.Садубаев, аудан әкімінің орынбасары Қ.Серимов және бөлім басшылары қатысты. Талқылау барысында айтылған ұсыныс-пікірлер сараланып, мынандай шешім қабылданды:
1) Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі:
— Қаратау қаласының ішінен тұрғын үй салуға және кәсіпкерлік мақсаттарға берілетін жерлердің тізбесі бөлек жасалып бекітілсін, ауылдардың жер сызбасы жасалсын;
— Шаруа қожалықтар алған жерін қанша шаруаға бөліп қосылғаны жайлы 2021 жылғы мәліметтер зерделеніп талдау жасалсын;
— Тұрғын үй салынуға алынған жер қанша уақыт игерілмеді және басқа азаматқа аударылғаны жайлы егесін анықтап мәлімет жинақталсын.
2) аудан әкімдігінің тұрғын үй инспекция бөлімі:
— «Тұрғын үй жөндеу-Қаратау» ЖШС-нің аудан әкімдігінің 31.03.2021 жылғы №88-ші қаулысымен «Тұрғын-үй жөндеу-Талас» ЖШС-гі болып ауысуы, онымен жасалған меморандум заңдылыққа сәйкес келетіндігі туралы қайта қаралсын;
— Қоғамдық кеңестің анықтамасы бойынша жасалған меморандум жұмысы ары қарай жүргізу жүктелсін.
Талас аудан әкімдігі