МЕМЛЕКЕТТІ ДАМЫТУ ҮШІН АУЫЛДЫ КӨРКЕЙТУ КЕРЕК

Ауылға көңiл бөлу және оның жағдайын жақсарту – мемлекеттiк мәнi зор iс. Кез келген экономикалық реформаның түпкi мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру.

 

Осы орайда, Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов аудан орталығын абаттандырып, көркейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың бірқатарын зерделеді.
Құлан ауылындағы Панфилов және Жібек жолы көшелеріндегі көп қабатты үйлердің аулаларындағы футбол алаңдарына жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан орталығында екі стритворкоут қолданысқа

Айта кететіні, аталған Панфилов көшесінде көп қабатты үйлердің ауласында балаларға арналған ойын алаңы қолданысқа берілген болатын.

Аудан орталығынан кейін ең ірі елдімекен болып саналатын Луговой ауылында бүгінде тұрғындар саны 10 500 адамды құрайды. Сәйкесінше,  инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізіліп, жаңа нысандар ашылуда. Ауыл тұрғындарының талап-тілектері де басты назарда.

Аудан басшысы аталған елдімекеннің орталық саябақтағы балалар ойын алаңының, ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша 2 шағын ауданда салынған жаяу жүргіншілер жолының жұмысымен танысты.

Айта кететіні, өткен жылы елдімекенде “Ауыл — ел бесігі” мемлекеттік бағдарламасы аясында 46 көшенің 13 көшесінің жолдары жөнделіп, “Өңірлерді дамыту” мемлекеттік бағдарламасы аясында Жантелі батыр көшесінен

Степная көшесіне дейін 230м, Желтоқсан көшесінен Жабира көшесіне дейін 135м ұзындықты құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынған болатын.

Сондай-ақ, жұмыс сапары соңында ауыл тұрғындарына қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қарасу өзенінің көпірін жөндеу жұмыстарынан өткізу жоспарланып, назарға алынды.

Ауылды көркейту жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.


Мөлдір Тастанбек

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы