«AMANAT CUP» бастау алды!

Елордада «AMANAT» партиясының Жастар қанатының ұйымдастыруымен балалар мен жастар арасындағы алғашқы республикалық шахмат турнирі «AMANAT CUP» басталды♟
500-ге жуық өтініш жиналған турнирге бүгінде 200-ден аса қатысушылар тақта үстінде бақ сынау үшін бас қосты.
Атаулы шара Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев жариялаған «Балалар жылы» аясында және еліміздегі шахмат қозғалысын дамыту мақсатында өтуде.
Турнирдің 58%-ы балаларды құраса, қалған 48%-ы жастар. Жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен, медальдармен және кубоктармен марапатталмақ. Бірінші орын үшін жүлде қоры «Балалар» және «Жастар» категориясы бойынша 1 000 000 теңгені құрайды. Жүлделер бүгін ойын соңында табысталу жоспарлануда.
Жарысқа арнайы қонақ ретінде Жансая Абдумалик, Дәрмен Сәдуақасов және Бибісара Асаубаева қатысып, қатысушылар мен қала тұрғындарына қолтаңба беретін болады. Сондай-ақ, жас талант Ержан Максим өнер көрсетеді.