ҒИБРАТТЫ СӨЗДЕР

Жақсылықты—жақсы адам ғана бағалай біледі.

Жүрегі таза, ниеті дұрыс адам еш уақыт өзгеден кір іздемейді.

Кешірімді кісі ғана ірі адамға айналады. Өйткені, оның жүрегі кең, өрісі биік!

Бірінші болып кешірім сұрау әлсіздікті білдірмейді.
Кішірею төмендеу емес.

Адамның кемшілігіне қарамай сыйласа білу нағыз адамдықтың белгісі.

Егер жақсы өмір сүргің келсе жақсы адамдарды ізде, ал жақсы адам тапқың келсе жақсы сөйлеп жақсылық жаса.

Адалдық деген—ешкімге қиянат жасамай, таза еңбегімен күн көру.

Басқалардың бақытына қуанып жүретін адам бір күні өзі де бақытқа жетеді.

Сыйластық пен адалдық бар жерде үлкен махаббат пен шайқалмас шаңырақ болады.

Ешқашан біреуді қарғап сілемеңіз, бұл—өте жаман қасиет.

Ешқашан ешкімді қызғанба, Алла ризықты әркімге әрқалай нәсіп етеді.

Адам қызғаныштан тез қартаяды,
Реніштен ауру пайда болады,
Ашушаң жүдегіш келеді.

Ниет тілден емес, жүректен шығуы керек.

Жүрек—мейірім мен жұмсақтықтың мекені.

Адамды тәрбиелейтін қаталдық емес, мейірім.

Ұйықтар алдында бәрін кешіріп, таза жүрекпен ұйықтаңыз..

Көрсеткен құрметің үшін—құрметтелесің.

Қадіріңді кетірме, ол—сенің таптырмас байлығың.

Кімнің кім екенін басыңа іс түскенде білесің. . .

Жастар үлкендер алдында, Үлкендер жастар алдында өздерін әдепті ұстағандары жөн.

Әр қиындықта—жеңілдіктер,
Әр көз жаста—қуаныш,
Әр сабырлықта—абырой жасырылған.

Бақыт: Жарыңыздың адалдығы,
Бала шағаңыздың амандығы,
От басыңның татулығы.

Қыз деген:
Ренжіту үшін емес—еркелету үшін,
Айғайлау үшін емес—аялау үшін,
Алдау үшін емес—армандау үшін,
Ұру үшін емес—сүю үшін жаралған.

Қыздың сұлулығы—оның тәрбиесінде,
ұяттылық сезімінде,
алған білімінде,
сабырлығында,
кшіпейілділігінде,
қарапайымдылығында.

Адам басына бақтың қонғанын білмейді, ұшқанын біледі.

Ашу ақылсыздықпен басталып, өкінумен аяқталады.

Өмірдің ащысын көп татқан адам—тәттінің қадірін біледі.

Ертеңгі жетістік бүгінгі қиындықтар мен қолайсыздықтарға негізделген.

Қиындық көрмеген адам бақыттың не екенін білмейді.

Алдыңа мақсат қой, сол мақсатқа жету үшін күресе біл.
Өміріңнің сапасына өзің жауаптысың!

Өзгенің қателігін сынаған, өзінікін байқамайды.

Өзгені төмендеткеннен өзің биік боп қалмайсың.

Бәрін түсіндіруге болады, бірақ бәріне емес.

Сізге өсек айтқан адам сіз туралы да өсек айтады.

Ақылды адам біреудің кем-кетігін өзі түзеп жүреді,
Ақымақтар біреудің кем-кетігін жіпке тізіп жүреді.

Адам біреуге риза болса кемшілігін көрмейді,
Береуге ренжісе жақсылығын көрмейді.

Біреулер уақытты жеткізе алмайды,
Біреулер уақытты өткізе алмайды.

Адамның көңіліне қарап сөйлеу—адамгершілік белгісі.

Сөзді айтқанша сөзге сіз қожайынсыз, айтылған соң сөз сізге қожайын.

Басқалар сені тоқтатқанша сөйлегеннен гөрі—өзіңді сөйлеткенше үндемей отырғаның әлдеқайда артық.

Адам басындағы мың ойға емес, аузынан шыққан бір сөзге жауап береді.

Өзіңе қатысы жоққа араласпа.

Өзіңнің қандай екеніңді сөзіңмен емес, ісіңмен көрсет.

Кешірімді екен деп ренжіте беруге болмайды.

Тілім бар деп сөйлей беру қадіріңді жоғалтады.

Сыншылдан—күншіл мен міншіл көп.

Сараң—алғанына, жомарт бергеніне қуанады.

Сөйлей беретін адам көп, сөйлей білетін аз.

Ақыл айтатындар көп, қол ұшын беретіндер аз,
Сын айтатындар көп, жол көрсететіндер аз.

Өмірге наразылық танытқанша, өміріңді мәнді етіп сүруге ұмтыл.

Қолдағы барыңды бағалай біл! Әйтпесе ертең оданда айырлып қалуың мүмкін.

Қанағатшыл адам—ең бай адам.

Қолында дымы жоқ емес, ылғи жоқ дей беретін адам кедей.

Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы мен мақсаты жоқ адам кедей.
Байлық пен кедейліктің шекарасы ақша емес, шекарасы қанағат. Кім қанағат қылса ол өзін әрқашанда бай сезінеді!

Біреу тірі жүрсе де жоқ сияқты,
Біреу өліп қалса да бар сияқты.

Тағам көп болса—тойдырады,
аз болса—тәрбиелейді.

Ұлттың әкесі тарих, анасы тіл, қаруы салт-дәстүр!!!

Өмірдегі жеті керемет: Көру, есту, сезу, сөйлеу, ойлау, қуану, және сүю.

Өзіңді қадірлегің келсе, қадіріңді білмейтін адамдардан аулақ бол!

Ешкімге кім екеніңді дәлелдеп әлек болма. Сенің жаман жағыңды көргісі келген адам, бәрібір жақсы жақтарыңды көре алмайды. . .

Жаныңда жүріп, жүрекке кіріп, өтірік күліп, сырыңды біліп, ішіңді тіліп кететіндерден сақтан.