Заманауи медициналық аппарат жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтап қалуға көмектеседі

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығында жан сақтау бөліміндегі жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтап қалу үшін автоматты гипотермияның заманауи аппараттық кешені пайда болды, ол босану кезінде туындаған асфиксияның ауыр жағдайларында нәрестелердің өлімін азайтуға көмектеседі. Заманауи реанимациялық қондырғыларды сатып алуда AYALA қайырымдылық қорының бас серіктесі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалы болды. Бұл шара «Өмір сыйлайық» республикалық жобасы аясында өтті.

Іс-шараның модераторы AYALA қорының вице-президенті Наталья Еськованың айтуынша, 15 жыл бойы Қор отандық дәрігерлерге жаңа туған нәрестелердің өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесіп келеді. Мұны олар бірнеше бағыт бойынша жасайды. Балаларды күтудің заманауи әдістемелерін оқыту бойынша тегін курстарда дәрігерлердің біліктілігін арттыруға көмектеседі. Реанимацияны заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету үшін демеушілерді табады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен үнемі келіссөз жүргізіп, біздің мемлекетке көмектесу және қайырымдылық көмектің барынша тиімділігін қамтамасыз ету үшін ең жоғары білікті дәрігерлерден кері байланыс алып тұрады.

 

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Қайрат Жетібаев қонақтарды орталықтың тарихымен таныстырып, Жамбыл облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды.

— Жоғары технологиялық медицинаның дамуына және емдеудің жаңа клиникалық хаттамаларының пайда болуына байланысты жаңа медициналық аппараттарға қажеттілік туындады. 2021 жылы біздің орталық облыстық көпбейінді аурухананың құрамында бола отырып, акушерлік көмекке арналған ҚТГ аппаратын, гемосорбция және диализ аппаратын, неонаталдық қызметке арналған инкубаторларды, СРАР және ИВЛ аппараттарын алды. Бірақ бұл медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін, толық жұмыс жасау үшін жеткіліксіз болды. Бізге ауыр дәрежелі асфиксиядан өткен балаларға терапевтикалық гипотермия аппараттары қажет болды. Жыл сайын біздің орталықта 30-ға жуық нәресте осы аппаратта медициналық көмек алады. Жаңа туған нәрестелердегі босанғаннан кейінгі кезеңде орталық жүйке жүйесі зақымданған кездегі клиникалық хаттамаларда нейропротекция мақсатында амплитудалық ЭЭГ-мониторы бар гипотермия аппараты жүзеге асырған «терапевтикалық гипотермия» әдістемесін қолдану қажет болды. «Аяла» қорына жүгінгеннен кейін, балалардың тағдырына немқұрайлы қарамайтын азаматтардың арқасында біз осы аппаратқа қол жеткізіп отырмыз! «Аяла» қорына, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалына үлкен рахмет. Енді гипотермияның заманауи аппараттық кешенінің арқасында біздің аймақта жаңа туылған нәрестелердің өмір сүру деңгейі және ең бастысы функционалды денсаулығы айтарлықтай артады. Біз балалардың өмірін сақтап қала аламыз, — деді Қ.Жетібаев.

Ресми бөлімнен кейін қонақтарға жансақтау бөліміндегі жаңа туған нәрестелерді күту және емдеу жұмыстары көрсетілді.

Перинаталдық орталық 1996 жылы №2 қалалық перзентхана базасында құрылды. 2015 жылға дейін орталық ескі ғимаратта 5 мың шаршы метр жайда орналасқан. Онда жыл сайын 6 мыңға дейін нәресте дүние есігін ашты. 2015 жылы перзентхана заманауи медициналық қондырғылармен жабдықталған жаңа типтік ғимаратқа көшті. Ал 2019 жылы Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының құрамына енді. Бұл облыс тұрғындарына акушерлік, неонатология, неонаталдық хирургия, гинекология және анестезиология саласында қолжетімді мамандандырылған көмек алуға мүмкіндік берді.

http://Толкын Омирбаева