Қарағанды облысында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны басталды
Бүгін Спасскідегі оқу-жаттығу орталығының базасында «Айбын» VIII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды. Биыл оған еліміздің барлық өңірлерінен 40 команда қатысуда.
Бұл облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әскери-патриоттық клубтарының, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери колледждердің, мектеп-интернаттардың, «Жас ұлан» республикалық мектептерінің 14–18 жас аралығындағы өкілдері.
Ашылу салтанатына Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты.
Іс-шараның 600 қатысушысы үшін жайлы тұрмыстық жағдайлар жасалған. Тұрғын шатырлары, тұрмыстық бөлмелері мен ас үйі бар далалық лагерь бар. Мұражай экспозициялары, «Айбын – патриоттар мекені» аллеясы, киім үлгілерінің, қару-жарақ пен әскери техниканың көрмесі ұйымдастырылды.
Қызықты кездесулер, отандық Aibyn Cinema фильмдерінің кинокөрсетілімдері және «Айбын жалыны» алау кеші жоспарланған. Жиын бағдарламасында 11 конкурс, әскери-қолданбалы және әскери-спорттық жарыстар бар. Жас патриоттар «Айбын дарыны» ойыны барысында өздерінің зияткерлік қабілеттерін көрсетеді.
«Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауында және «Жас Сарбаз – жас тілшілері» журналистік байқауында таланттарымен көзге түсті. Дене шынықтыру дайындығының деңгейі, күші, төзімділігі және жылдамдығы нормативтерді орындау, арқан тарту және әскерилендірілген эстафета барысында бағаланатын болады.
Жас патриоттар пневматикалық винтовкадан ату, автоматты бөлшектеу және жинау, газтұтқыш пен жалпыәскери қорғаныс жиынтығын кию кезінде нақты, дәл және тексерілген әрекеттерді талап етеді.
Smart Sarbaz өнертапқыштарының сайысы барысында жас бағдарламашылар мен мехатрониктер қазылар алқасына өздерінің IT-әзірлемелері мен техникалық шешімдерін ұсынады.
Ақтық сында «Күшіміз бірлікте» әскери-далалық тактикалық ойыны өтеді. Онда болашақ Отан қорғаушылар әскери қызметпен байланысты практикалық міндеттерді орындайды, командада жұмыс істеу тәжірибесін алады, өздерінің моральдық және физикалық тұрақтылығын тексереді.
«Айбын» республикалық жиыны жыл сайын танымалдылыққа ие болуда. Командалық өтінімдермен қатар Ұйымдастыру комитетіне қатысу туралы жеке өтініштер келіп түскені кездейсоқ емес. Бұл сайыскерлер онлайн режимде өнер көрсетеді. Жиынға қатысушылардың негізгі бөлігі полигонда бетпе-бет кездеседі.
«Айбын» жастар жиынының жабылу және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 24 маусымда өтеді.
Жомарт Шаймұрат