Балалар Қарағанды облысының 10 медициналық ұйымдарында көру қабілетін түзету курстарынан тегін өте алады
Жыл басынан бастап Қарағандының жаңа емханасында көру қабілеті бұзылған 165 бала ортоптикалық кабинетте емделді, оған ақы төлеуге медициналық сақтандыру қоры 3,8 млн теңге жіберді. Арнайы тренажерлардың көмегімен көру асимметриясы жойылады, бинокулярлық көру қалпына келеді және тұрақтандырылады, көздің қозғалғыштығы жақсарады, көру өткірлігі артады.
Емхананың Арсен атты 9 жастағы пациентінде мектептегі медициналық тексеру кезінде көру қабілетінің бұзылуы анықталды. Емханада толық тексеру кезінде дәрігер жеңіл дәрежелі гиперметропия (гиперопия) диагнозын қойды. Балаға дәрі-дәрмек, ортоптикалық емдеу және көзілдірік берілді.
— Емдеуге дейін тексеру кезінде бала түзетусіз 5-ші жолды (көзілдіріксіз) және түзетумен 7-8-ші жолды көрді. 10 күн ортоптикалық емнен кейін бала түзетусіз 8-ші жолды, көзілдірікпен – 10-шы жолды көрді. Динамикасы жақсы, емдеу жалғасады, курс әр 6 ай сайын, – дейді офтальмолог Ақбөпе Тәждинова.
Қарағанды облысында 10 медициналық ұйым ортоптикалық қызмет көрсетеді:
— «Optikon-KRG» ЖШС;
— «Жаңа емхана» ЖШС;
— «ПЛЮС» көру орталығы» ЖШС;
— «Қарағанды қаласының № 5 емханасы» КМК;
— «1-балалар емханасы» ЖШС;
— «Қарағанды қаласының № 1 көпсалалы ауруханасы» КМК;
— «Қарағанды қаласының № 3 емханасы» КМК;
— «Гиппократ» медициналық фирмасы » ЖШС;
«Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» КМК ОДБ.
Ортоптикалық емдеуді диагноз қойылғаннан кейін офтальмолог тағайындайды.
Жомарт Шаймұрат