Бүгінгі жас–болашақ Қазақстанның жанды бейнесі

Тәуелсіз Қазақстан қалыптасуындағы алғашқы атқарылуы тиіс мәселе жастар саясатының қалыптасуы,жүзеге асырылуы болып табылады.Бүгінгі жас–болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. Сондықтан да жастар мәселесі қай кезде де күн тәртібінен түскен емес. Соңғы жылдары елімізде жастар саясаты – маңызды стратегиялық сипат алып келеді.

 

 

Осы орайда, бүгін Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұловтың төралығымен аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті.

 

 

«Біздің басты мақсатымыз – Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін жан-жақты, дамыған әлемдік деңгейдегі елге айналдыру, тұрғындардың, жастардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған экономиканы дамыту және тиімді жоспарлауды жүзеге асыру болып саналады. Бұл мақсаттар мен міндеттер еліміздегі жастардың әрқайсысына ортақ, сондықтан сіздерді еліміздің өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосады деп сенемін! Қазақстанның табысты болашағы үшін жауап беретін еліміздің ертеңі – бұл жастар», — деп аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы өз сенімін білдірді.
Жиынға кеңес мүшелері толық құрамда қатысты. Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдері, жастар ісі жөніндегі инспекторлар және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыста ауданда жастар саясатының жүзеге асырылу, жастардың жұмыспен қамтылуы жайында сөз қозғалды.

 

 

Басқосудың күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық жастар ресурстық орталығы директоры Әбіләшім Мырқасымов «Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы» айтып берді.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Л.Сапарбекова «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша баяндама жасаса, Қорағаты ауылдық округінің бас маманы Ф.Нұржан және Ақбұлақ ауылдық округінің бас маманы А.Байғожаев «Ауылдық округі бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы» сөз қозғады.

Мөлдір Тастанбек
Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы