ТҮРКІСТАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ
Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне қуаныш сыйлады. Облыс әкімдігі аппараты мен басқармалар мамандары аймақтағы балалар үйлерінің 156 тәрбиеленушісін Шымкент қаласындағы «FONTAN» аквапаркіне апарып, мерекелік сый жасады.
«Балаларға қуанышты күн сыйла!» атауымен өткен игі бастамаға Төлеби ауданындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысты. Бұл бастама аймақтағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан алғаш рет ұйымдастырылды. Айта кетейік, Түркістан облысы әкімдігі тарапынан осындай қайырымды шаралар мемлекет тарапынан да, демеушілердің қолдауымен де тұрақты өткізіліп келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі