Әулиелер, Ғұламалар, Даналар, Ғалымдар осылай айтыпты:

1.Бес нәрсе, бес нәрсемен білінеді:

— Ағаш — жемісімен білінеді.

— Әйел — күйеуі кедейленгенде білінеді.

— Дос — ауыр күнде білінеді.

— Момын — сынаққа түскенде білінеді.

— Жомарт — қажет болғанда білінеді.

2.Бес нәрсе, бес нәрсені көтереді:

— Кішіпейілдік — ғалымдарды көтереді.

— Байлық — айыптауды көтереді.

— Үнсіздік — қателікті көтереді.

— Ұят — аxлақты көтереді.

— Әзіл — қайғыны көтереді.

3.Бес нәрсе, бес нәрсеге жеткізеді:

— Көз — зинаға жеткізеді.

— Дәмету — өкінуге жеткізеді.

— Қанағат — разылыққа жеткізеді.

— Көп сапар шегу — танысуға жеткізеді.

— Тартысу — айырылысуға жеткізеді.

4.Бес нәрсе, бес нәрсені әкеледі:

— Истиғфар — ризық әкеледі.

— Көзді тыю — парасат әкеледі.

— Ұят — жақсылық әкеледі.

— Жұмсақ сөз — мәселені әкеледі.

— Ғазаб — өкініш әкеледі.

5.Бес нәрсе, бес нәрсені жояды:

— Жұмсақ сөз — ғазапты жояды.

— Алладан пана тілеу — шайтанды жояды.

-Өзін жақсы көру — өкінішті жояды.

— Тілді тыю — қатені жояды.

— Дұға — тағдырдың жамандықтарын жояды.

6.Бес нәрсе бақытты жақындатады:

— Жақсылық етуші перзент.

— Салиxалы әйел.

— Адал дос.

— Момын көрші.

— Фақиһ ғалым.

7.Бес нәрсе, бес нәрсемен ұлғаяды:

— От — бұтақпенен ұлғаяды.

— Күмән — жаман ойлауменен ұлғаяды.

— Сараңдық — жамандық жасаумен ұлғаяды.

— Дауласу — кешірмеумен ұлғаяды.

— Ағайының бөлінген арасы — xал сұраспауменен ұлғаяды.

8.Бес нәрсе, бес нәрсеменен безендіріледі:

— Денсаулық — жақсы өмірмен безендіріледі.

— Сапар — жақсы сұхбатпенен безендіріледі.

— Сұлулық — көркем мінезбен безердіріледі.

— Ұйқы — дененің раxаттануымен безердіріледі.

— Түн — Алланы еске алуменен безендіріледі.

9.Алла Тағала Құран Кәрімде әрбір мақсатқа қалай жететінімізді баяндаған:

— Ризықты талап етуде: «Жүріңдер».

— Намазға: «Жүгіріңдер».

— Жәннатқа: «Жарысыңдар».

— Ал Аллаға: » Аллаға қарай қашыңдар».