ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТЕР АНЫҚТАЛДЫ
Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты облыстық байқауының марапаттау рәсімін өткізді.
Байқауға мемлекеттік тілдегі контентті арттыруға, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қоғамдық өмірдің барлық саласына енуі үшін БАҚ-та мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша аналитикалық талдаулар мен ғылыми зерттеулер, проблемалар мен олардың шешу жолдарын көрсеткен және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, ұлт ұстазының тіл білімі саласындағы еңбектері бойынша материалдарды жариялаған журналистер мен журналистика және филология факультеттерінің ғалымдары қатысты.
Қазылар алқасының ұйғарымымен «Үздік мақала» номинациясы бойынша Бас жүлдені – Әнуарбекова Айгүл, І орынды Қарасаева Қамар, «Үздік сайт мақаласы» номинациясы бойынша Бас жүлдені – Мырзабаева Балмира, «Үздік телебағдарлама» номинациясы бойынша Бас жүлдені – Нұрманалиева Қымбат иеленді.
Жеңімпаздар мен қатысушылар басқарманың диплом, алғысхаттарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар тілімізді дамытуға қосқан үлесі мен оның қолданылу аясын кеңейту бағытындағы белсенділігі үшін «Жамбыл» телеарнасының продюсері Ғазиза Рүстемова кәсіби мерекесі қарсаңында марапатталды.