Референдумға қатысқан белсенділер марапатталды
Ел тарихындағы аса маңызды науқан – жапыұлттық референдумды жоғары деңгейде ұйымдастыру мен өткізуге белсене қатысқан азаматтар Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтің арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
Марапатталғандардың арасында мемлекеттік қызметшілер мен білім саласының өкілдері бар. Аталған сала өкілдерінің барлығы жалпыхалықтық референдумды жоғары деңгейде өткізуге зор үлес қосты.
Аудан әкімінің марапатын табыстаған аудан әкімі аппаратының басшысы Жұмат Сақыпбеков пен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулетберді Шортанбаев Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық реформасына жоғары сенім мен қолдау көрсеткен марапат иелеріне алдағы уақытта да ел игілігі жолында аянбай қызмет ете беріңіздер деген тілек білдірді.
Айта кету керек, осынау маңызды саяси науқанды өткізуді ұйымдастыруға ауданымызда 500-ден аса азамат атсалысқан болатын.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі