БАЙЗАҚТАҒЫ БЕРЕКЕЛІ ІС

Жамбыл облысында екі жылдан бері «Асарлатып үй салу» жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынып келеді.
Бүгінде Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Қосақ ауылының тұрғыны, көп балалы отбасы Айдын Махмудовтың үйіне аталған жоба аясында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына ауылдың азаматтары қол ұшын беруде.
Қазіргі таңда, іргесі қаланып, қабырғасы тұрғызылып, шатыры жабылды. Жұмыстар қарқынды жүруде.