Жамбылда құрылыс саласы қарқынды дамуда
Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Жамбыл облысының сәулет және қала құрылысы саласы бойынша 2022 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары, жетістіктері және алға қойған жоспарлар» атты облыстық сәулет және өнер құрылысы басқармасының басшысы Арман Абдешов қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Басқарма басшысы облыстағы бірқатар жұмыстардың орындалуы туралы баян етті.
Брифингте Тараз қаласын және елді мекендердің өзіндік кескін-келбеті мен көркемдік сәулетін қалыптастыру, шаhарды тұрақты дамыту, мейлінше көркейту, абаттандыру мақсатында мақұлданған жобалар туралы кеңінен айтылды.
– Бүгінгі күнде, басқармада өтетін техникалық Кеңес мәжілісінде 11 елді мекеннің, Тараз қаласы мен Қордай ауданындағы мекендерге қатысты бас жоспар мен оңайландырылған нұсқалары қаралып, өзекті мәселері жан-жақты талқыланып, басқарма тарапынан бірқатар ұсыныстар берілді. Қазіргі таңда жобалаушы мекеме тарапынан ұсыныстар енгізілуде. 5 елді мекеннің (Жамбыл ауданы – Ақбұлым, Тоғызторау, Қаратау, Құмсуат; Шу ауданы – Көкжиек, Жайсан, Сауытбек, Далақайнар, Бәйдібек, Белбасар, Еңбекші, Жаңа жол, Көктөбе, Балуан Шолақ, Жиделі, Шоқпар, Көкқайнар, Мойынқұм, Еңбек, Жиенбет, Абай, Тасөткел, Ақтөбе) бас жоспар және оңайландырылған нұсқаларына аудан әкімдіктері тарапынан жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жобалау жұмыстары аяқталғаннан кейін, басқармада өтетін техникалық Кеңес мәжілісінде қаралып, ұсыныстар берілетін болады, – деді спикер.
Сондай-ақ, жоспарлау нәтижесінде қала аумағында бірқатар жұмыстары атқарылды. Нақтылай келгенде, орталық аумақтағы «Шахристан этно-мәдени» және «Тектұрмас этно-тарихи кешендері» және «Көлтөған», «Қарасу (Құмшағал)», Сүлейменов көшесінің аяғы «15» және «14» шағын аудандарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сай инфрақұрылым жүйелері жүргізілген.
Қаланың әлеуетін жақсарту мақсатында тың жобалар да қолға алынған. Бұл туралы баяндамашы толыққанды мәлімдеме жасады.
– Қала тұрғындары және қонақтарының таза ауада қолайлы уақыт өткізу мақсатында саябақтар мен желек жолдарды жасау жұмыстары жоспарда бар. Өндірістік алқап пен тұрғын алқап аралығында және жел соғу бағытында көгалдандыру аумақтарын қарастырылуда. Негізгі кіреберіс көшелерде және басты көшелер бойында қаланың сәулеттік-кеңістіктік келбетін көркейту мақсатында көпқабатты тұрғын үй, қоғамдық ғимараттар, әлеуметтік мақсаттағы нысандардың құрылысын салуды және бұл экранды құрылыспен Талас өзені бойында қалыптастыруда. Қаланың қызыл сызық нормасын қайта пысықталуда. Веложолдар мәселесі де талқыланып жатыр. Ендігі кезекте, тұжырымдамалық ережеге сәйкес, тиісті схемаларды әзірлеу, оны қала тұрғындарымен және қалалық-облыстық мәслихаттармен қоғамдық тыңдау өткізу жұмыстары жүргізілуде, – деп мәлім еткен басқарма басшысы журналистердің де сұрақтарына жауап берді.
Арайлым Ершеева, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ІІІ курс студенті