«Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы 2022 жылдың 20 шілдесінде басталады!
Бағдарламаға тек Жамбыл облысының жастары ғана қатыса алады.
Өтінімдер 2022 жылдың 20 — 30 шілдесі аралығында e-zhambyl.kz сайтында ЭЦП кілті арқылы қабылданады.
Бағдарламаның шарттары:
▪️ Қарыздың ең жоғары сомасы – 13 млн. теңгеге дейін
▪️ Пайыздық мөлшерлеме – 5%
▪️ Бастапқы жарна – 5%
▪️ Несие беру уақыты – 19 жыл.
Қатысушыға қойылатын талаптар:
✅Жасы 35-тен аспауы тиіс (35 жасты қоса алғанда);
✅ Бағдарламаға қатысушы конкурсқа қатысуға өтінімді толтыру кезінде Жамбыл облысы аумағында өзі еңбек ететін салада соңғы 1 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы керек;
✅ Соңғы 2 жыл ішінде тұрақты үздіксіз мекенжайлық тіркеуі және бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген сәтте онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Жамбыл облысында тіркеуі болуы тиіс.
✅ Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жылда тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы керек;
✅ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинақ шотының болуы керек;
✅ Әр отбасы мүшесіне бөлінген кездегі кірістің жалпы құны 3,9 ең төменгі күнкөріс деңгейі немесе 145 817 теңгеден аспауы қажет (2022 ж. 1 сәуіріне ең төменгі күнкөріс деңгейі – 37 389 тг).
Қай санаттағы азаматтар қатыса алады?
1. Денсаулық сақтау саласы
2. Білім беру саласы
3. Мәдениет саласы
4. Спорт саласы
5. Журналистика саласы.
Бағдарлама кезеңдері
▪️ ЭЦП кілті арқылы сайтта өтінім қалдырады
▪️ Қатысушы өзінің жеке кабинетіне жолдама алады
▪️ Қатысушы жолдамада көрсетілген уақыттан кейін 15 жұмыс күні ішінде «Отбасы банк» АҚ-на құжаттарын өткізеді
▪️ Банктің мақұлдауынан кейін қатысушы 60 күн ішінде үй іздейді
▪️ Рәсімдеу және несие шартына қол қою кезеңі (несие соммасы сатушыға аударылады).
Бәріңізге сәттілік!
Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
«ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті » РММ