Қазақстан коронавирус жұқтыру бойынша «сары» аймаққа өтсе, қандай шектеулер қабылданады

1 шілдеде премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстан “сары” аймаққа өтсе, қабылданатынын шаралар туралы айтылды.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз сөзінде елімізде маусым айының ортасынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырғанындар санының артқанын атап өтті. Мәселен, өткен аптамен салыстарғанда вирус жұқтыру жағдайлары 2,9 есе артқан, науқастардың 80%-на жуығы – індетке қарсы екпе алмағандар және соңғы екпеден кейін 6 ай өтіп кеткен адамдар.

Елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, республика аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің “сары” аймағына көшкен жағдайда төмендегі қосымша шараларды қабылдау керектігі туралы шешім қабылдады:

науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;
COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;
жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;
10-нан астам адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.
Сондай-ақ аймақтың эпидемиологиялық ахуалына қарамастан, әуеде, пойыз бен халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады.

Назархан Уән, Stan.kz