ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛІК ШЫҒЫНДАРЫН ӨТЕУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан облысында кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру жөніндегі семинар-кеңестер өтіп жатыр. Туризм басқармасы туристік бизнесті қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін облыстың аудан және қалаларына шығып көшпенді семинар-кеңестер ұйымдастырды. Көшпелі кеңеске облыстық туризм басқармасы мен аудан, қала әкімдіктері және ұлттық кәсіпкерлер палатасы берлесе халық пен туристік саладағы бизнес-қоғамдастықтар қатысуда.
Туристік сала – өңіріміздің ең перспективалы салаларының бірі. Сондықтан бүгінгі таңда біздің барлық күш-жігеріміз туристік сегментті белсенді дамытуға және ілгерілетуге бағытталған.
2021 жылғы 30 сәуірде Президент «ҚР-дағы туристік қызмет туралы» заңға түзетулерге қол қойып, оның аясында 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа 7 қолдау шарасы іске қосылған болатын.
Соның ішінде, туризм саласындағы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жергілікті атқарушы органдар шаруашылық жүргізуші субъектілер шығыстарының бір бөлігін өтеу үшін мынадай мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруда, атап айтқанда:
1) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу;
3) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау;
4) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу.