982 тонна қоқыс: Қарағанды облысы Birge – taza Qazaqstan акциясын қолдады
Қарағанды облысында Birge – taza Qazaqstan экологиялық акциясын қолдау мақсатында сенбіліктер өтті. Облыстық экология департаментінің хабарлауынша, аймақ тұрғындарының күшімен 982 тонна қоқыс жиналды.
Рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, қалалар мен аудандардың рекреациялық аймақтарын, саябақтарын, аллеялары мен аулаларын тазалауға 33 мыңнан астам экобелсенділер, еріктілер мен қоғам белсенділері қатысты. Көмекке 200 бірлік техника келді.
Осылайша, Балқашта жағажайдың бір бөлігі мен көлдің жағалауы қоқыстан тазартылды. Тазалау жұмыстарына демалушылар да қосылды. Барлық жиналған қоқыс қаланың полигонына шығарылды.
Теміртау қаласында сенбілікке 150 адам – «Шаңырақ» орталығының еріктілері мен «Жасыл ел» сарбаздары жиналды. 119-орамда және Достық төбесінде 60 текше метр қоқыс жиналды.
Шахтинск қаласында қалдықтарды бөлек сұрыптауға ерекше назар аударылды. Мұнда акцияға қатысушылар орман алқаптарын ретке келтірді. 80 текше метрге жуық қоқыс жиналды.
«Бұл учаске кездейсоқ таңдалған жоқ. Еңбектеген баладан еңкейген қарияларға дейін табиғатта демалып, денсаулықтарын сақтау үшін осы кішкентай оазиске барады. Тазалық шарасына «Жасыл ел» жасағы, «Шахтинск жастары» ЖРО, спортшылар, қала белсенділері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері келді.
Арнайы техника жұмылдырылды. Жинағаннан кейін пластик пен шыны өңдеу орнына берілді. 16 шілдеде Шахтинск маңындағы су қоймасын тазарту жоспарланған. Ол кезде де қалдықтарды бөлек жинауды көздеп отырмыз. Оларды өңдеу пунктіне тапсырғаннан кейін ақша жануарлар тәлімбағына түседі», – деді Шахтинск қаласының ТКШ бөлімінде.
Қарағандыда Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қоқысты бөлек жинау және оны қайта өңдеуге тапсыру сенбілігін ұйымдастырды. Күзембаев көшесі, 72 үйдің жанындағы аумақты тұрмыстық қоқыстан тазартты.
Мұнда тек жабдықтар ғана емес, сонымен қатар жеңіл тағамдар, ойын-сауық және экологиялық тамақтану ұйымдастырылды.
Полигонға 24 қап шыны, 17 қап пластик, 11 қап полиэтилен, 2 қап алюминий, сондай-ақ 2 жүк көлігі және 8 қап аралас қоқыс шығарылды.
2600-ден астам адам облыс көшелеріне шықты. Жинастыру Қарағанды – Жезқазған автотрассасының бойында, Кеңгір су қоймасының жағалауында, көшелерде, гүлзарлар мен саябақтарда да жүргізілді. 520 текше метрден астам қоқыс шығарылды, 35 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды.
Жомарт Шаймұрат