Арық суын тиімді пайдаланайық
Негізінен ауданға Шу өзенімен 12 м³ су беріліп келді. Бұл су аудан орталығына дейін жетпей, орталығымыз біраз қиналды. Су жетіспеушілігіне байланысты арық суын қосу мақсатында облыстық тиісті мекемелерге хабарласып 18 м³ суға жеткіздік. Нәтижесінде ауылға арық суы келді.
Қазір су мол, жеткілікті. Алайда, біздің көптеген тұрғындарымыз өз үйі маңындағы арықтарды тазаламай, су көшеге кетіп жатады. Үлкен күшпен келген мұндай суды тиімді пайдаланған жөн. Осы орайда ауыл ақсақалдары, қоғамдық ұйымдардың басшылары, ауылдың депутаттары тарапынан арық тазалығы мен қазылмаған арықтарды қалпына келтіру жұмыстары бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізсе дұрыс болар еді. Ауыл халқына тағы да айтарым арық суын тиімді пайдаланайық.
Алихан Балкыбеков, Мойынқұм ауданының әкімі