ШАРУАЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Мәжіліс депутаты М. Төлепберген сапарын Көксай каналының құрылыс жұмыстарымен танысумен жалғастырды.
Көксай суландыру жүйесі бойынша — 14 км жер каналдың 4,5 км бөлігін бетон плиталармен қаптау (облицовать), 7 км бөлігін механикалық тазалау жүргізілуі қажет болатын. Осы жоғарыда аталған жұмыстар бойынша конкурс жарияланып, Көксай мен Тихий каналдарын – ТОО «Повлодарский порт» мердігері ұтып алып жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы сомасы 944,317 млн. тенге. Бүгінгі күнге каналдың 2,7 км бөлігі жасалған. Каналды «Ақсай» өндірістік бөлімшесі ағымдағы жөндеуден өткізді.

Өзекті мәселе: Каналдың 4,5 км бөлігі Республикалық бағдарлама бойынша ЕДБ (Евразиялық Даму Банкі) арқылы бетондалып жасалынады, қалған каналдың 9,5 км бөлігі де бетондауды қажет етеді. 14 км. канал толық бетондалған жағдайда 1,0 м3 су жерге сіңбей үнемделеді және 1684 гектар жер мен 50 шаруа қожалықтары сумен қамтамасыз етіледі. 9,5 км бөлігі шамамен (2017 жылы жасалған жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес) 1,5-1,7 млр теңге жаражат қажет етеді.
Мейрамбек Мылтықбайұлы мамандар мен шаруаларды мұқият тыңдап, мәселенің маңыздылығын атап өтті. Жеке бақылауына алды.

Марат Нарымбек, Amanat» партиясы Жуалы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы