«Күміс жас»: Қарағанды облысында зейнет жасына дейінгі адамдар үшін 534 бос жұмыс орны қарастырылған
Жыл басынан бері «Күміс жас» жобасы бойынша Қарағанды облысында 47 адам жұмысқа орналастырылды. Зейнет жасына дейінгі адамдар үшін өңірде барлығы 534 бос жұмыс орны қарастырылған.
Бұл бағыт зейнеткерлікке шығуға екі жылы қалған адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешуге көмектеседі.
Жұмыс берушілерге «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандар жалақысының 50 пайызы субсидияланады, бірақ ол сома 30 АЕК-тен аспауы тиіс.
Жұмыс ұзақтығы 12 айдан аспайды, ал жоба аяқталғаннан кейін қатысушыға зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орны беріледі.
Жұмысқа орналасуға жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.
Естеріңізге сала кетейік, «Күміс жас» жобасы кәсіпкерлікті дамытудың 2021—2025 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Жомарт Шаймұрат