Меркідегі құпияға толы – Көккөл

Таудың ұшар басындағы киелі көл Ақтоған ауылынан 100 шақырым жерде, оған жететін құлама жартасты өткелдері бар жолдар өте қауіпті. Түбі жоқ түпсіз көлге кеңестік кезеңде түрлі экспедицялар ұйымдастырылып, ғалымдардың зерттеу нысанына айналғанымен, нәтиже шықпаған. Осы күнге дейін көлдің тереңдігі анықталмаған. Бірақ табиғат қорғаушылар арнайы бақылау қондырғысы орнатылған балықты суға жіберіп көргенде ол Каспий теңізінен шыққан. Сондай-ақ көл айдынында ешқандай қоқыс немесе жа­пырақ жатпайды екен. Су бетіндегі ультрадірілден суға түс­кен кез келген зат сыртқа шығып кетеді.
Жергілікті тұрғындар арасында «Әулиекөл» атанған ерекше су айдыны жайында түрлі аңыз тараған.
Жергілікті шопандар көлден тұншыға шыққан ащы дауысты жиі еститіндерін айтады. Көл бетімен ұшқан барлық құс, су ішуге келген мал атаулы ғайыптан тайып, суға тартылып кетеді екен. Көккөлдің тағы бір ерекшелігі – көлдің аумағы жүрекке ұқсас.
1979-1980 жылдары Көккөлге Оң­түстік Қазақстан геологиялық барлау басқармасының геологі Б.Волчков та келіп, зерттеу жүргізген. Ол көл мұздақтар мен мореналық қыртыстар қабатында пайда болғанын анықтаған. Ал көлдегі шұңқырлар жерасты суы каналының түйісуінен пайда болған деген байлам жасаған.
Ал сіз Көккөл туралы аңыздар естідіңіз бе?

РУХ Кз
#көккөл #туғанжер #Qazaqstan