Әйелдер сыр сақтай біле ме?
Қоғамда әйел адамдар сыр сақтай алмайды деген пікір қалыптасқан. Бір жағынан бұл – адамдар толассыз күресіп келе жатқан гендерлі стереотип. Бұл тақырып аясындағы зерттеу жұмыстары өз нәтижесін берді: әйелдер құпияны сақтай алады.
Бірақ, оларды ақпаратты жадында ұстауы 47 сағаттан артыққа созылмайды. Мамандардың айтуынша, өзгенің сырын естіген бойда онымен бөлісуге деген құштарлық сол мезетте оянады. Дегенмен, оның күшін екі күнге ғана баса алады. Кейін, бәрібір сыртқа шығарады. The Telegraph сайтындағы мәліметке сүйенсек, бұл уақыт өз межесіне жеткенде әйел адам бар ақпаратты кем дегенде бір адамға айтады.
Бұл зерттеу нәтижесне қол жеткізу үшін, 18 бен 65 жас аралығындағы 3000 әйелге сауалнама жүргізген. Сауалнама қорытындысы бойынша, әйелдердің өздері сыр сақтай алмайтынын жақсы білетінін де аңғарған. Зерттеу бойынша он қыздың 4-і сырды мүлде сақтай алмайтынын мойындаған.
Сонымен қатар, ішімдік бұл «қатердің» үлесін көбейтеді. Бұл әйелге сенуге болмайды дегенді білдіре ме? Жоқ, әйел адам ақпаратты негізгі кейіпкеріне қатысы жоқ адаммен бөлісуді жөн санайды. Сонымен қатар, ғалымдар әйел адамдар неге бұндай қадамға баратынын анықтады. Жартыға жуық (45%) қатысушы иығындағы ауыр жүктен арылу үшін құпияны өзгемен бөлісетінін мойындады. Ғалымдардың жақсы жаңалығы да жоқ емес: әйелдердің 27%-ы айтылған құпияны келесі күні ұмытып қалады.