ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОМАНДАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛЕР БОЙЫНША РЕКОРД ОРНАТТЫ

Теміртау қаласында академиялық есуден Қазақстанның командалық чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 5 аймағының ең үздік 146 спортшысы қатысты.

Түркістан облысы құрамасындағы су спорты түрлерінен ОРМБЖСМ спортшылары сарапқа салынған 16 алтын медалдің 8-ін жеңіп алды. Сонымен қатар 5 күміс және 5 қола жүлде еншіледі. Атап айтсақ, Яковлев Владислав, Чернухин Иван, Цатышаев Байсангур, Афанасьев Александр, Керімбек Әділет, Бекбембетов Қуаныш

Фаритов Руслан, Галкин Владислав сынды жігіттер түрлі сайыс бойынша чемпион болса, әйелдер арасында Волкодавова Валентина мен
Носкова Екатерина топ жарды.
Жалпыкомандалық есепте Түркістан өңірінің өрендері 8 алтын, 5 күміс, 5 қола олжалады.
Жеңімпаздарды білікті бапкерлер —
Михаил Ковалев,
Руслан Фаритов,
Артем Бекмачев және
Станислав Дьяченко даярлады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі