Бүйтіп өлексе жеп, 300 жыл өмір сүргенше, одан да қайнап тұрған тірі қанды бір рет ішіп тойған артық!

Бала кезімде естіген ертегіні айтып берейін:
Бірде бүркіт қарғадан былай сұрапты: «Қарға, сен бұл жарық дүниеде неге 300 жыл тіршілік етесің де, ал менің ғұмырым неліктен 33-ақ жыл?». «Өйткені, – депті қарға, – сен жаңа ғана ауланған жемтігіңнің ыстық, балғын қанын ішесің, ал мен өлексемен қоректенемін». Қыран сәл ойланып тұрып: «онда мен де өлексені азық етіп көрейін» – депті. Екеуі бірге ұша жөнеледі. Кенет жерде өліп жатқан жылқыны көреді де, соған қонады. Қарға өлексені сүйсініп жей бастайды. Ал бүркіт өткір тұмсығымен бір шоқиды, екі шоқиды. Өлексеге одан әрі тұмсығын батыруға шыдамай, қанатын бір-ақ сілтепті. «Жоқ, қарға, бүйтіп өлексе жеп, 300 жыл өмір сүргенше, одан да қайнап тұрған тірі қанды бір рет ішіп тойған артық! Ары қарай Құдайдың басқа салғанын көрерміз!» – деп ұшып кетіпті қыран.
Александр Пушкин, «Капитан қызы»
Түйін:
Арам жолмен келген асты жеп, арамдықпен көтеріліп, арам жолмен дүние жинап, арамдықпен ұзаққа барғанша, адал жолмен қарапайым бірақ даңқты ғұмыр кешкен мың есе артық!
Alpamys Faizolla