Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық ахуал туралы өңірдің бас санитарлық дәрігері мәлім етті
Қарағанды облысында 12 шілдеде коронавирустық инфекцияның 56 жаңа жағдайы тіркелді. Маусым айының үшінші онкүндігінен бастап аймақта КВИ-мен ауыратындар санының өсуі байқалады.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин айтып берді.
– Пандемия басталғаннан бері аймақта 151 753 расталған COVID-19 жағдайы тіркелді, 150 042 адам қалпына келді. Егер сәуір мен мамырда айына тіркелген жағдайы 10-нан аспаған болса, маусым айында 39, ал шілде айының 12 күнінде 246 коронавирус ауруы тіркелді, – дейді Юрий Залыгин. – Негізінен COVID-19 дертін вакцинацияланбаған және бір жыл бұрын вакцинацияланбаған, коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өтпеген азаматтар жұқтырады.
Бүгінгі таңда өңірде бірінші компонентпен вакцинациялау 75,2 % немесе 674 537 адамды, екінші компонентпен 70,5 % немесе облыстың 632 394 тұрғынын қамтыды. Ревакцинациядан 239 928 адам өтті. Қайта ревакцинациялаудан – 14 671.
Халық үшін үш вакцина қолжетімді: » Комирнати», «КазВак» және «Веросел».
– Тағы да алдын алу шаралары туралы еске салғым келеді. Әлеуметтік қашықтықты сақтауға, антисептиктерді қолдануға кеңес береміз. Коронавирустық инфекцияның алдын-алудың жалғыз нақты шарасы – вакцинация. Сондықтан облыс тұрғындарына дер кезінде екпе алу қажет. КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсынан өткен және вакцинациядан кейін 6 айдан астам уақыт өткен адамдарға қайта вакцинациядан өту қажет, – деп толықтырды Юрий Залыгин.
Өңірде А вирустық гепатитімен, созылмалы вирустық гепатитпен, парентеральды гепатитпен, педикулезбен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, менингококк инфекциясы бойынша жағдай тұрақты. Сонымен қатар, жіті ішек инфекцияларымен, бруцеллезбен және туберкулезбен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.
Жомарт Шаймұрат