Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту – ел игілігін еселеу
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтап қалу үшін кәсіпкерлікті дамыту керектігін атап көрсетті.
Осы ретте өнеркәсіптердің әлеуетін арттыруды да назардан тыс қалдырмаған жөн. Инфрақұрылымды жан-жақты дамыту үшін бірқатар жоспарлар әзірленетіні де көңіл қуантады.
Жалпы, Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне баса назар аударылған. Мемлекет басшысы, әсіресе, экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің бүгінгі дамуына тоқталып, оны ары қарай жандандырудың жолдарын айқындап берді. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау.
Т.Рысқұлов ауданында кәсіпкерліктің дамуы сан қырынан көрініс табуда.
Қолдағы барды мол табыс көзіне айналдырып, ел игілігіне еңбек ету қазіргі кәсіпкердің басты ұраны.
Бүгінде өз кәсібін ашып, қалаған шаруасын дөңгелетіп әкетемін деген азаматтарға барлық жағдай жасалып жатыр деуге болады. Мемлекеттік бағдарламалардың үлкен қолдау нәтижесінде ауданда кәсіпкерлік нысандар саны күннен күнге артуда.
Ия, қазіргі таңда мемлекет тарапынан жергілікті әкімдіктерге қойылып отырған бірінші талап – кәсіпкерлікті дамытып, жұмыс орындарын ашу, жергілікті салық базасын ұлғайту және қоғамдық саяси тұрақтылықты сақтау. Өңірде кәсіпкерлік саласын дамытуда бірқатар шаралар атқарылуда.
Бұл бағытта мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар да бар. Орта және шағын бизнестің дамуына қолдау ретінде түрлі бағдарламалар іске қосылып, нәтижесін беруде.
Жаңа жобалар жалғасын тауып, жұмыс орындары ашылып, жұмыссыз жандар жұмыспен қамтылуда.Иә, бүгінде шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша назар аударды.
Жергілікті тұрғындар арасында да кәсіпкерлік кең қанат жайып, бизнеске ынталы азаматтардың қатары артты. Жас кәсіпкерлерді қолдаудан бөлек, орта бизнеске арналған тиімді бағдарламалар да бар. Осындай қолдаудың нәтижесінде көкжиегін кеңейтіп отырған кәсіпкерлер де жоқ емес.
Осы орайда Тұрар Рысқұлов аудан әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысына тоқталсақ, аудан аумағында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 4560 құрайды. Оның ішінде 216 заңды тұлғалар, 2 орта кәсіпкерліктегі заңды тұлға, 2701 жеке кәсіпкерлер және 1641 шаруа қожалықтары.
Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері өз қызметтерімен жұмыстарын жылдан жылға арттырып келеді. Т.Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізу мақсатында облыс әкімдігімен аудан әкімдігі арасындағы меморандумдарға қол қойылған.
Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 2022 жылдың 5 айыдың көрсеткіші 6286,8 млн.тг құрайды. Яғни 105,6 пайызға орындалды.
Ал, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2446,8 млн.тг, бөлшек сауда бойынша 1956,1 млн.тг құрап, 108,1% пайызға орындалып отыр.
Көркем Асқар