А.МАМЫТБЕКОВ: ЖЕР САТЫЛМАЙДЫ!

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер мәселесі бойынша ешқандай шешім қабылданған жоқ және қабылданбайды да. Өйткені, жер негізінен сол жерді пайдаланушыларға сатылады. Қазақстанның Жер туралы кодексінде, заңдарында ешқандай шетелдікке ауыл шаруашылығы саласындағы жерлер сатылмайды деп жазылған. Сондықтан жер өзіміздің азаматтарға және жергілікті  компанияларға ғана тиесілі болады»,- деп министр БАҚ өкілдерінің сауалына жауап қатты.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамбытбеков Ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі еуропалық комиссар Фил Хоганмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық комиссия арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ұзақмерзімді әріптестік пен ынтымақтастықты нығайту, Еуразиялық экономикалық одақ шекарасы арқылы еуропалық ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау мәселелері талқыланды.

ЕлАна