Ақтөбе өңірі M-1 Global және Fight Night жекпе-жек түрлерінен екі бірдей белбеуі бар еліміздегі жалғыз облыс
1-шілде, дүйсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ақтөбелік «Еркін күш» жекпе-жек клубының спортшылары M-1 Global 102 аралас жекпе жек бойынша өткен халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен қоян-қолтық ұрыс спортының чемпиондарын қабылдады. Олар Морозов Сергей (61,3 келіге дейінгі салмақта) және Дазаев Гойти (77,1 келіге дейінгі салмақта) 28-маусым күні Нұр- Сұлтан қаласындағы көпфункционалды «Барыс-Арена» спорттық кешенінде өткен M-1 Global 102 аралас жекпе- жектен өткен халықаралық жарыста еліміздің намысын қорғады. Сайыс нәтижесінде, ақтөбелік екі спортшы да жарқын көрсеткішке қол жеткізді. Ерекше айтып өту керек, Сергей Морозов Ақтөбе облысының тарихында М-1белбеуін бірінші болып иеленді. Жалпы, Ақтөбе өңірі M-1 Global және Fight Night жекпе-жектерінен екі бірдей белбеуі бар еліміздегі жалғыз облыс болып отыр.Обыс әкімі спортшыларды жеңісімен құттықтап, оларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, ММА Республикалық Федерациясының вице-президенті, «Еркін күш» клубының негізін қалаушы, жаттықтырушы Айбек Шоқпытов жылы қабылдауы мен спорт саласына білдірген қолдауы үшін облыс әкіміне алғысын білдірді.
Аталған турнирде 13 кездесу болса, оған 10 мемлекеттен 26 спортшы қатысты.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы Санкт-Петерборда өткен қоян-қолтық ұрыс спортынан өткен әлем чемпионатында жалпы командалық екінші орынды иеленді.
Сағын Қазбек, Ұлан Мұқашев, Нұрсұлтан Бекпатшаев,және қыздар арасында Күндиас Сағындықова әр түрлі салмақта әлем чемпионы атанды.