Ақтөбе облысында жазықсыз жазаланғандар мен ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етілді

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Түйетөбе» ескерткіші жанында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты.

Саяси  қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға облыс әкімдігінің өкілдері және қалалық әкімдік басшылары, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің, қоғам қайраткерлері, дін өкілдері, ардагерлер, этно-мәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қуғын сүргін және ашаршылық жылдары қаза болғандардың туыстары мен жақындары келген. «Бұл қасіреттердің орны ешқашан да толмайды. Және мұны әрқашан жадымызда сақтаймыз.
Біздің ендігі жердегі борышымыз – елдің бірлігін нығайту. Сол бір зұлмат жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған арыстарымыздың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау. Сол бір қатыгез дәуірде де қазақ қонақжайлығынан жаңылмады.  Ауыртпалыққа шыдап, ұйыса білді. Осындай зобалаң көріп, зұлматқа ұшыраған арыстарымызды еске ала отырып, олардың ерліктеріне бас иеміз. Олар өз миссиясына адал болды. Енді мұндай жағдай қайталанбас үшін біз қолдан келгенше барлық мүмкіндіктерімізді дұрыс пайдаланумыз керек. Халқымызда «Береке басы – бірлікте» деген нақыл сөз бар. Біздің елдің  қарқынды дамуының бір сыры да осы болар. Өйткені біздер бейбіт, мамыражай өмірдің құнын бағалай білетін халықпыз.

Елбасы айтқандай, рухани жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтай білу. Егер біздің ұлттық бірегейлігіміз сақталып, заман ағымына сай жаңарып, бірлігіміз бекем болса – бізден мықты ел болмайды.

Сіздермен тек қаралы күндерді еске алуда емес, амандықта, абыройлы істерде жолығайық»- деді Оңдасын Оразалин.
Жиын қатысушылары саяси қуғын-сүргін құрбандарын үнсіздік минутымен еске алды.Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының және Ақтөбе облыстық «Нұр-Ғасыр» мешітінің бас имамы Оспан Төлеби саяси құғын сүргін құрбандарының рухына құран бағыштап,дұға оқыды.Шараға қатысушыларға жеті нан таратылды.

Сонымен қатар, облыс әкімі облыстық филормония жанындағы саяси қуғын сүргінге ұшырағандар мен ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, еске алды. Тарихи деректер бойынша, 1932-1933 жылғы аштық пен аурудан Қазақстанда 3 миллионға жуық адам (жалпы халықтың 42%-ы) көз жұмған. Ал, ашаршылықтан кейінгі 1937-1938 жылдардағы сталиндік репрессиялау халқымыз үшін өте ауыр соққы болды. Осы жылдары Қазақстанда 100 мыңдай адам сотталып, оның 25 мыңы атылды. Тек Ақтөбенің өзінен 7 мың адам айдалып, 1800 адам ату жазасына кесілген.

В Актюбинской области почтили память жертв политических репрессий и голода

В Актюбинской области проходят траурные мероприятия, посвященные Дню памяти жертв политических репрессий.
По традиции у мемориала «Түйе төбе» – месте захоронения невинно расстрелянных — состоялась траурная церемония, в которой приняли участие аким области Ондасын Уразалин, депутаты маслихатов, представители государственных организаций, этнокультурных объединений, общественности, духовенства, ветераны, а также родные и близкие тех, кто погиб в годы репрессий и голода.

«Наш долг – всегда помнить о тех, кто стал жертвой тоталитарного режима, был безвинно репрессирован. Мы должны учиться на ошибках прошлого и ценить нынешнее мирное небо. Труд и доблесть передовой интеллигенции казахского народа не пропали даром, их мечта исполнилась сегодня. Доказательством тому является – независимый Казахстан. Наши дети никогда не должны познать тягот и лишений, постигших старшее поколение. Для этого мы все должны неустанно трудится, крепить доверие и единство», — сказал Ондасын Уразалин.

В память об усопших были прочитаны молитвы. В завершение церемонии к мемориалу были возложены венки. В этот день аким области также возложил цветы к мемориалу жертвам политических репрессий и голода, установленному в районе Городского дома культуры.

В 1990-е годы в пригороде Актобе на холме, прозванном в народе Түйе төбе, были найдены человеческие останки, которые оказались массовыми захоронениями приговоренных к расстрелу репрессированных. В 1997 году здесь был установлен памятник-обелиск жертвам репрессий 1930-1950 годов. В Актюбинской области репрессиям подверглось около 7 тысяч человек, из них 1800 человек были приговорены к расстрелу. Жертвами голода, по оценкам историков, стали около 3 миллионов казахстанцев.



Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі