Ақтөбеде  «Біз біргеміз!»   акциясы аясында«20 жарқын жыл – 20 славных лет!»  атты  іс-шара  өтті

24 мамыр жұма күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин дәстүрлі  түрде  ұйымдастырылатын  «Біз біргеміз!» атты  әлеуметтік маңызы бар, қоғамды нығайтуға, қайырымдылықты дамытуға, азаматтық бастамаларды қолдауға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға  көмек көрсетуге бағытталған іс-шараға қатысты.

«Биыл «Біз біргеміз!» акциясына   20 жыл толып отыр. Аталған шараның  жұмысына  сәттілік тілеймін. Елімізде  мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған түрлі бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылып  жатыр. Ақтөбе облысы да осы бағыттағы жұмыстарды ары қарай жалғастыратын  болады»,-деді  өңір басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қорының» құрылғанына  20 жыл толуына орай компьютерлік  жабдықтарының түгел   жаңартылатынын айтты.

Акцияның   биылғы  ұраны: «Мүгедек  жандардың  мәселелерін шешудегі әлеуметтік қозғалыстың рөлі» деп аталады.  Салтанатты шараға  мүмкіндігі шектеулі жандар ғана емес, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық бірлестіктер, депутаттар, ерікті азаматтар да қатысты.

Іс-шара барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардан  құралған  спорт  клубының  мүшелері облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен  қор басшысы Құралай Байменованы  Ақтөбе облысының «Құрметті спортшысы» медалімен марапаттады.                                                        Айта кетейік, «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» 1999 жылы құрылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету бағытымен  айналысады. Аталған қолдау қорының мекемесінде  қоғамдық қабылдау бөлмесі, арнайы әлеуметтік қызметтер бөлімі,  оңалту бөлмесі, еріктілер клубы, мүгедектер арбасын жөндеу цехы, «Инватакси» қызметі, «Шебер-қол»  өндірістік кәсіпорыны  сынды бірқатар  қызмет көрсету бөлімдері жұмыс жасайды.  Аталған  қорды «Қазақстанның  Еңбек ері» Құралай Байменова басқарып келеді.





В Актобе прошла традиционная акция «Біз біргеміз!»

В пятницу, 24 мая, аким Актюбинской области Ондасын Уразалин посетил традиционную социально-значимую акцию «Біз біргеміз!», направленную на консолидацию общества, развитие благотворительности, поддержку гражданских инициатив, а также содействие лицам с ограниченными возможностями. В ней также приняли участие руководители госорганов, общественных объединений, депутаты, меценаты, волонтеры, граждане с особыми потребностями.

Акция «Біз біргеміз!» проводится 20 год подряд. Её девиз в текущем году: «Роль общественного движения в решении проблем людей с ограниченными возможностями».

«В этом году акции «Біз біргеміз» исполнилось 20 лет. Желаю удачи в дальнейшем продвижении данного мероприятия. В Казахстане реализуются различные программы и проекты, направленные на поддержку людей с ограниченными возможностями. Актюбинская область также будет продолжать работу в этом направлении», — сказал глава региона.

Организатором мероприятия, как и в прежние годы, выступил «Фонд поддержки парализованных граждан города Актобе» при содействии местных властей.

Фонд был основан в мае 1999 года. Вот уже 20 лет он решает многие вопросы жизнеобеспечения людей с инвалидностью. При организации работают общественная приемная, отдел специальных социальных услуг, кабинет активной реабилитации, волонтерский клуб, мастерская по ремонту инвалидных кресел, служба «Инватакси», учебно-производственные предприятия «Шебер қол» и «Social servises».  В настоящее время фонд возглавляет обладатель знака отличия высшей степени «Герой труда Казахстана» Куралай Байменова. Аким области Ондасын Уразалин сообщил, что в честь 20-летия будет обновлено все компьютерное оборудование организации.

Добавим, в ходе мероприятия члены действующего при фонде спортивного клуба для людей с ограниченными возможностями вручили главе региона и Куралай Байменовой медали «Почетный спортсмен Актюбинской области».