Ақтөбеліктер лаңкестік шабуылда қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алды
5-маусым, сейсенбі күні, 66/55 әскери бөлімінде 2016 жылдың 5- маусымда ланкестік шабуылда қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алу рәсімі өтті. Қайғылы оқиғаны еске алу шарасына облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысты. Сонымен қатар, жиында құқық қорғау және қауіпсіздік орган басшылары болды. Аймақ басшысы ланкестік шабуылдан қаза тапқан жандардың құрметіне гүл шоқтарын қойып, есімдері мәңгі ел есінде қалатынын жеткізді. «Бейбіт күні қылмыскерлердің қолынан полиция, әскери қызметкерлермен бірге тұрғындар да қаза тапты. Қылмыскерлердің арамза ойларын орындауға құқық қорғау органдарының жедел шаралары мүмкіндік берген жоқ. Халықтың тыныштығын қорғау жолында 66/55 әскери бөлімінің сарбаздары Майор Даниель Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев, қатардағы жауынгер Досбол Сапардың қазалары орны толмас өкініш. Аталған азаматтардың жанкештілікпен жасаған әрекеттері лайықты бағасын алып, тәуелсіз Қазақстанның ерліктер жылнамасында жазылып қалды. Бұл оқиға барлығымыз үшін үлкен сабақ болып, қоғамға енген дертпен тек мемлекеттік органдар ғана емес, жалпы қоғам болып күресуіміз қажет»,-деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
В Актобе почтили память погибших при теракте военнослужащих
5 июня в Актобе в войсковой части 6655 прошло мероприятие в память о военнослужащих, погибших во время террористической атаки, совершенной три года назад.
В мероприятии приняли участие аким области Ондасын Уразалин, руководители правоохранительных органов региона.
В память о жертвах теракта глава области возложил цветы к установленному на территории войсковой части мемориалу, подчеркнув, что имена павших смертью храбрых никогда не будут забыты.
«к сожалению, в мирное время от рук преступников погибли служащие полиции, военнослужащие и мирные жители. Оперативные меры правоохранительных органов не позволили преступникам осуществить их замыслы. Защищая покой населения погибли трое военнослужащих войсковой части 6655 — майор Даниель Майлыбаев, младший сержант Берикжан Калиев, рядовой Досбол Сапар. Это невосполнимая потеря. Их подвиг навсегда останется в летописи независимого Казахстана. Это событие для всех нас должно быть большим уроком. Бороться со злом, приведшим к таким последствиям, вместе с государственными органами должно и общество»,- сказал Ондасын Уразалин.