«Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Дания Еспаева Көкшетау қаласында «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС ұжымымен кездесті

 

«Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Дания Еспаева Көкшетау қаласында «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС ұжымымен кездесті.

Бұл инвестициялық жоба 2016 жылы бастау алды. Оған мемлекет нөл пайыздық мөлшерлемесіндегі қосымша құн салығын енгізу арқылы қолдау көрсетті. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар 12 мың шаршы метр көлемінде жер телімін беріп, тиісті инфрақұрылымын өткізген болатын. Қазір мұнда өндірістік цехтер мен көрме павильондары орналасуда. Өнеркәсіп 2018 жылы 3,5 млрд тг сомасындағы мыңнан аса техниканы  жинаған.

Ағымдағы жылдың соңына дейін өндіріс көлемі 7 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Ал алдыңғы 2-3 жылда өнім экспортқа шығады деп күтілуде.

Дания Еспаева компанияның жұмысымен танысып, ұжымға сайлауалды бағдарламасын, оның кәсіпкерлікті ынталандыруға арналған негізгі тұстарымен таныстырды.

«Инвестициялық жоба – мемлекеттің отандық кәсіпкерлікті қолдауының үлгісі, — деп атап өтті Президенттікке үміткер Дания Еспаева. – Менің сайлауалды бағдарламамда қосымша құн салығын төмендету арқылы қолдау шаралары көрсетілген. Сіздердің мысалдарыңызда біз бұл қолдаудың қаншалықты тиімді екенін көріп отырмыз. Осындай шараларды барлық кәсіпорынға пайдаланғымыз келеді. Бұл тәжірибенің етек алуы маңызды.

Компания жетекшілері мен Көкшетау қаласындағы өзге де бизнес-құрылымдарының жетекшілері тұңғыш әйел үміткердің ұсыныстары қызықтыратынын айтты.

«Салық жүйесі мен басқа да қаржы айналымдарындағы біліктілігі ұнайды, — дейді компанияның бас директоры Олег Балыбин. – Біз үшін экономика маңызды. Ал Дания Еспаева отандық бизнеске қол ұшын беру керектігін жақсы түсініп отыр. Әрине, ол көмек компания аяққа тұрып жатқан кезінде көрсетілуі керек. Содан соң ғана біз мемлекетке өз пайдамызды тигіземіз.

Кәсіпорын жұмысшыларын ипотекалық несие беру, зейнетақы сынды мәселелер толғандырды. Кездесу барысында бұдан бөлек тақырыптар да қозғалды. Үміткер әрбір қойылған сұраққа тиянақты жауап  беріп отырды.

Іс-шараға республикалық штабтың мүшелері, кәсіпкерлер, «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы белсенділері қатысты.

Үміткер Дания Еспаеваның үгіт науқаны жалғасуда.

 

24 мамыр 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Баспасөз қызметі