«Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Дания Еспаева Павлодар облысының тұрғындарын өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстыруда

Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Павлодар облысының тұрғындарын өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстыруда – бүгін Дания Еспаева Екібастұз қаласында болды.

Аталмыш қалада үміткердің үгіт тобы жергілікті кәсіпкер, энергетик және әлеуметтік саладағы жұмыскерлермен кездесті.

Екібастұзда энергетика, көмір өнеркәсібі, бағалы металдарды өндіру салалары жақсы дамыған. Бүгінгі таңда қалада 8 мыңдай шағын және орта бизнес объекті бар. Былтырдың өзінде жаңадан 15 жаңа объект ашылды.

Жергілікті бизнесмендермен қатар барлық сайлаушыларды Дания Еспаеваның сайлауалды бағдарламасы қызықтырды.

«Бағдарламада кәсіпкерлерге шағын бизнесті ынталандыру үшін салықты төмендету, салалар үшін қосымша құн салығының мөлшерлемесін азайту қарастырылған, — деді кәсіпкер Виктория Острикова. – тауар бағасының құны осыған байланысты болғандықтан, бұл өте өзекті мәселе. Маған шағын және орта бизнес үшін банктегі несие мөлшерлемесін төмендету туралы ойы ұнады. Бұл да көкейтесті мәселе».

«Ақ жол» партиясының үміткерімен кездесу барысында тұрғындар әлеуметтік мәселелерді де көтерді. Екібастұздағы халық саны 150 мыңнан асады. Мұнда металлург, инженер, шахтерлердің әулеті тұрады. Қала тұрғындарының сөзінше, соңғы жылдары мектеп бітірушілер көрші мемлекетке оқуға түсе бастаған. Олар онда техникалық бағыттағы сапалырақ білім алып, жұмыспен қамтылады.

«Біздің дарынды жастарымыз сырт жаққа кетуде, бұл мәселеге баса назар аудару қажет, — деді Дания Еспаева. – Біріншіден, техникалық қана емес, барлық сала бойынша білім сапасын көтеру қажет. Жоғарғы оқу орнынан соң бітірушілер жұмыс тәжірибесінің жоқтығына қарамастан жұмыспен қамтылуы тиіс».

Екібастұзда үміткер жергілікті өнеркәсіп пен әлеуметтік объектілерге барды. Кездесу барысында Дания Еспаева әрбір қазақстандықтың 9 мамыр күнгі сайлауға баруы керектігін айтты.

«Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның үгіт науқаны жалғасуда.

 

29 мамыр 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі