Абай атамыздан қалған өсиет:

🌸🍃1. Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.

🌸🍃2. Құдайшылық- жүректе. Қалпыңды таза сақта.

🌸🍃3. Құдайдан- қорық, пендеден – ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!

🌸🍃4. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.

🌸🍃5. Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.

🌸🍃6. Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.

🌸🍃7. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлының бірі боласың.

🌸🍃8. Жылуы жоқ бойының, жылмиғаны неткені?..

🌸🍃9. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы.

🌸🍃10. Егер менің ішімді жарып көрсең, жылауыңды тоқтатып, шошыр едің.

🌸🍃11. Қайғысыздың бәрі — асау.

🌸🍃12. Өлейін деп өлмейді,өлерік — жан.

🌸🍃13. Ақиқатпен таласпа.

🌸🍃14 Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

🌸🍃15. Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.

🌸🍃16. Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел.

🌸🍃17. Сұлуды сүймектік – пайғамбар сүннеті.

🌸🍃18. Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды.

🌸🍃19. Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді.

🌸🍃20. Мұңдасқан көңілде кір қалмайды.

🌸🍃21. Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп мақтайтындар – құдай қарғағандар.

🌸🍃22. Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.

🌸🍃23. Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.

🌸🍃24. Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар.

🌸🍃25. Жақсы ДОС білген сырын сыртқа жаймас.

🌸🍃26. Жаныңа жаққанның соңына еруге жалқауланба.

🌸🍃27. «Қусың» десе қуанатындар да кездеседі.

🌸🍃28. Серт бұзғанның орны — шоқ.

🌸🍃29. Сен асыққан екен деп, Алла әмірін өзгертпес.

🌸🍃30. Сенісерге жан таба алмай, сенделеді ит жүрек.

🌸🍃31. Арлану — ақылдының ісі.

🌸🍃32. Пенде өлмейді арманнан.

🌸🍃33. Хақ сөзді бала айтса да тоқтамақ керек.

🌸🍃34. Есебі жоқ ант ішпе.

🌸🍃35. Бір қылығың жағып күнде жақсы болмайсың.