АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР.

Кеше Мемлекеттік комиссия төтенше жағдайлардың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында үшінші отырысын өткізді. Үкімет, әкімдер, Президент аппараты, Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты бірыңғай штаб ретінде тәулік бойы жұмыс істеуде. Мониторинг, талдау, карантин, тамақ, дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, жолаушыларды тасымалдаудың жаңа жағдайларда жұмыс істеуі, басқа да мәселелер бойынша жедел шешім қабылдау сұрақтары назарда. Біздің азаматтарымыздың шетелден оралуы ерекше бақылауда.

2020 жылдың 22 наурызында сағат 00.00-ден бастап карантиннің енгізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының барлық бекеттерінде пойыз жүрісі тоқтатылады. Бұл транзиттік пойыздарға да қатысты. Трафикті қалпына келтіру туралы кейінірек хабарланады. Әзірге рейсі тоқтатылған пойыз билеттерінің иелері ақшаларын толық қайтара ала алады.

Маскаларға келетін болсақ: Қазақстанда 48 маска өндірушісі бар, бір ғана 17 наурызда жалпы 300 мыңнан астам маска шығарды. Олардың қоймаларында қазір 760 мың маска бар. Сауда нүктелерінде жеткізу үздіксіз жүзеге асырылады. Экспортқа тыйым салынған. Бір сөзбен айтқанда, маска жетуі үшін барлық шаралар қолданылуда.

Егер сіз маскалар немесе антисептиктерді қымбат бағаға сату туралы ақпаратқа тап болсаңыз, + 7-7172-70-84-78 және + 7-7172-31-61-45 нөмірлеріне хабарласыңыз. Бұл Қаржылық бақылау комитетінің сенім телефоны.
Біз әлеуметтік желілердегі карантинді талқылауды мұқият қадағалап отырмыз. Барлық мәселелер бойынша дереу тиісті орындар (Әкімдіктер, Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және басқалар) ақпарат береді.

Сөз соңында айтарым, дәрігерлердің, полицияның, әскери және басқа да қызметкерлердің жұмысына жанашырлықпен қараңыздар. Жағдай күрделі, бірінші рет карантин енгізілді, барлығы халықтың қауіпсіздігі үшін жасалды! Өтініш — жалған сөздер мен қауесеттерге сенбеңіздер, карантин режимін сақтаңыздар. Көпшілік ортада кем дегенде екі метр қашықтықты ұстаңыз. Қолыңызды жиі жуыңыз. Егер қажет болмаса, үйден шықпаған дұрыс. Тұмау белгілері болса дереу дәрігерге хабарлаңыздар және олардың нұсқауларын нақты орындаған жөн. Вирустың таралуын тоқтату біздің өз қолымызда.

Сақтанып жүрейік.

Абай болыңыздар.

Ә. Есекешовтің

фейсбук парақшасынан