Абай мұрасы- халық ұлағаты
Жақынжа М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері «Рухани жаңғыру» кабинетінде қазақ халқының ұлы ақыны, философ – гуманист, композитор Абай Құнанбаевтың 175-жылдығын атап өтті. «Абай мұрасы-халық ұлағаты» атты әдеби-музыкалық шараға Оқушылар сарайының «Жас екпін» үлгілі домбыра ансамбілі, Құрманғазы атындағы №1 музыка мектебі, Абай атындағы №10 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің және № 7 ЖОМ-нің оқушылары қатысты. Әдеби-музыкалық кештің құрметті қонағы абайтанушы, қоғам қайраткері, Журналистер Одағының мүшесі және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі – Даниял Сабырұлы Асенов болды. Даниял аға Абайдың өлеңдерін оқып, атақты ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты көп мәлімет айтты. Қазақтың ұлы ағартушы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысының Шыңғыс тауларында Тобықты руында дүниеге келген. Оны мейірімді, тапқыр Ұлжан анасы және ақылды, ақкөңіл, адал Зере әжесі тәрбиеледі. Абай Семей медресесінде, орыс мектебінде оқып тамаша білім алды. Абай Құнанбаев жастайынан әдебиетке (орыс, еуропалық), сондай-ақ шығыстанушы ғалымдардың еңбектеріне, орыс және шетел классиктерінің шығармаларын сүйіп оқыды. Абай музыкаға деген таланты ерекше болды — бірнеше танымал әндердің авторы болды. Балалар Абайдың өмірі туралы деректі фильмді тамашалап, ақынның «Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп, ескермедім», «Күз», «Әсемпаз болма әрнеге», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өлең сөздің патшасы», «Тоты құс түсті көбелек» өлеңдерін жатқа оқыды. Оқушылар сарайының «Жас екпін» үлгілі домбыра ансамбілі «Қос алқа» күйін ойнады. Құрманғазы атындағы №1 музыка мектебінің қобыз ансамбілі «Айттым сәлем қаламқас» әнің тамаша орындап берді. Абай атындағы №10 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің оқушысы Адина Хабибулла Абайдың «Көзімнің қарасы» өленің тамаша шырқады, ал Малика Абдилева, Айдана Артықбаева, Айсана Казиевалар Абайдың Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын сомдап берді. Әдеби-музыкалық қонақжайдың ұйымдастырушылары «Қаламгер» баспасөз орталығы және олардың жетекшілері Асем Аипова. Бактияр Даниялов, Аңсар Айдарбеков Айзере Шайхысқақ аталмыш шараны жүргізген болатын. — Абай өзінің шығармашылығымен тіл – халықтың жаны екенің дәлелдеді. Әрбір тіл бұл адамзаттың рухани мұрасы, ал мәдениеті – бұл әлемдік өркениетке баға жетпес үлес,- деді Даниял Асенов.
Өз тілшіміз.