Абай мұрасы – мәңгілік!
Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірменді әріптестер!
⚜️Бүгін 10 тамыз əлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханиятының темірқазығы – Абай Құнанбайұлының туған күні.
Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз – «Абай күні» болып белгіленді. Бұл күннің және мерекенің мәні мен маңызы аса зор. Себебі, халқымыздың тарих жылнамалары барысында жинақтаған құндылықтары, адамгершіліктің ізгі қағидалары, елге, қоғамға және жақын адамдарға деген құрмет пен қамқорлықты, ғылым мен білімге, парасат пен еңбекке деген талпынысты қалыптастыруға ұмтылған Абай Құнанбайұлының еңбектері әр уақытта өзінің өзектілігін жоғалтпайды.
⚜️Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты концептуалды мақаласында «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады», деп дара перзенттің даналық орнын айқындап көрсеткен еді.
Расында ұлы ақын өз шығармаларында насихаттаған еңбексүйгіштік, білімге деген құштарлық, ізгілік пен парасатқа зейін қойып, тәрбие алу – бүгінгі ұрпақтарының алдында тұрған міндеттің бірі.
⚜️Қымбатты жерлестер!
10 тамыз – Абай күні мерекесі баршаңызға құтты болсын!
«Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» деген сөзімен өзіне ескерткіш қалап, ұрпағына өшпес өнеге, өлмес білімді асыл мұра етіп қалдырған ұлы Абай әлемі – шексіз әлем.
Абай мұрасы – мәңгілік!
Құрметпен, Жалғас МҰРТАЗА, Жуалы ауданының әкімі