АБАЙДЫҢ АСЫЛ ЖАРЛАРЫ

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың Ділдә, Әйгерім және Еркежан атты үш жары болған. Көп әйел алуға рұқсат етілген заманда ақынның үш жұбайы әр түрлі ауылда тұрған.
Абай бірінші жұбайы Ділдәға 15 жасында үйленген. Неке жастардың әкелерінің келісімімен қиылыпты. Ділдә да Абай сияқты текті отбасынан шыққан. Ол Қазыбек бидің ұрпағы, арғын руының биі Алшынбайдың туған немересі.
Ақынның екінші жары – Әйгерім. Оның шын есімі – Шүкіман. Ал оған Әйгерім деген есімді Абайдың өзі қойған. Шүкіманның сұлу болғаны соншалық, ақын оны «ай керім» деп атап кеткен екен. Ұлы Абай Әйгерімге 30 жасында үйленіпті, олардың жас айырмашылығы 11 жасты құраған.
Әйгерім ақынның ең сүйікті жары болған екен. Ал Абай өз сүйіктісін кездестірген жердегі бұлаққа қыздың есімі берілген. Әйгерім де текті отбасынан шыққан қыз, ол ұлт батыры, қазақтарды жоңғарлардан қорғаған Мамай батырдың тікелей ұрпағы.
Ұлы ақынның үшінші жары – Еркежан. Ол бастапқыда Абайдың інісі Оспанның әйелі болған. 1892 жылы Оспан қайтыс болғаннан кейін Еркежан әмеңгерлікпен Абайдың үшінші жары болып, ақын өмірінің соңғы 11 жылында Жидебайда бірге тұрған.
Абай мен Еркежан екеуінің ортақ балалары болмаған. Ал екі жұбайы 10 баланы өмірге әкеліп, олардан 19 немере мен 13 шөбере тараған.
Олардың тоғызы Ұлы Отан соғысына қатысып, тек екеуі туған жеріне оралыпты.
Бірінші сурет — бүгінгі күнге дейін жеткен ақынның екі суретінің бірі және үшінші жары Еркежан түскен (ортасында) жалғыз фото.
Ал Ділдә мен Әйгерімнің суреттері сақталмапты.
Екінші, үшінші суретте Абайдың үшінші жары Еркежанның бөлмесі. XIX ғасырдағы төсек дұрыс ұйықтау талаптарына жауап берген.
Яғни, бас пен аяқ бір деңгейге көтерілген, бұл қан айналымына жақсы ықпал етеді екен.
Төртінші суретте ақынның сүйікті әйелі Әйгерімге сыйлаған ер-тоқымы. XIX ғасырдағы шебер туындыларының сұлулығын Жидебайдағы Құнанбаевтың музей-үйінде көруге болады.
Спутник Қазақстан.
Нұржан Баймаханбет