Абақтыда жазылған «Ақ Жайық»

👉Айдауда жүргенде түрмедегілердің білім деңгейіне байланысты оларды әр түрлі жұмыстарға жегеді екен. Сонда Хамзаны жазу-сызу білгендіктен есепші етіп алған. Яғни оның түрмеде отырып та қағаз бен қаламға қол жеткізуге мүмкіндігі болған.

👉Өзі темекі тартпаса да тұтқындардың темекісінен қалған ұсақ қағаздарға, жалпы қолына қандай қағаз түссе соған, тіпті ағаштың, ақ қайыңның қабығына тезистерін, ойына келген ой орамдарын түсіріп отырған. «Ақ Жайық» трилогиясының негізгі нобайы, тараулары түрмеде жазылған.

👉Босап шыққаннан кейін үйіне бір ескі жастықтың тысын бірге ала келіпті. Өзіне-өзі келгеннен кейін сол тысты сөгіп қарағанда, тілдей-тілдей қағаздар төгіліп түседі. Әр қағаздағы ойын шатастырмас үшін оларды ретімен нөмірлеп қойған екен.

👉Осындай қиындықтармен жазылған еңбек толық аяқталғанда қазақ әдебиетіне үлкен жаңалық әкеліп, іле-шала трилогияға «Әдебиет пен өнер» саласында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағы беріледі. «Ақ Жайық» – халықтың тағдыры ойыншыққа айналған асыра сілтеу дәуірінің саяси ахуалын бүркемелемей, қаз-қалпында суреттеген, азамат соғысы жылдарына арналған шығарма.

Сайлау Сүлейменовтің «Хамза есімін ел танитын кез келді» мақаласынан үзінді.

#Хамза_Есенжанов
(Ерден Нұрахметтің парақшасынан)