Әбілдаев Ернар Ғалиұлы Меркі ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды
Меркі ауданы әкімінің өкімімен Әбілдаев Ернар Ғалиұлы Меркі ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
⠀
Әбілдаев Ернар Ғалиұлы 1991 жылғы 11 маусымда Меркі ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
⠀
2013 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2014 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Туризм мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған.
⠀
Еңбек жолын 2015 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаменті индустриялық-инновациялық даму мониторингі басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы болып бастаған.
⠀
2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің ұйымдастыру жұмысы басқармасының сарапшысы;
⠀
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің ұйымдастыру жұмысы басқармасының бас сарапшысы;
⠀
2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті ұйымдастыру жұмысы басқармасының басшысы;
⠀
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті директорының орынбасары;
⠀
2023-2024 жылдары «Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары;
⠀
2024 жылдың ақпан айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.
Үйленген, отбасында 3 бала тәрбиелеп өсіруде.
⠀
Аудан әкімінің жаңа орынбасары экономика, қаржы, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары салаларына жетекшілік етеді.